Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының
8 бабына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы №282 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларының 8 тармағына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11245 болып тіркелген), Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Күнбағыс майы» әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары литріне 791 теңге және «сәбіз» килограмына 161 теңге мөлшерінде 60 күнтізбелік күн мерзімге бекітілсін.
- «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.С. Қиқымовқа жүктелсін.
- Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ссылка: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13007658