Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Алматы қаласында іске асыру барысы туралы

Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы аясында 2010-2020 жылдары кәсіпкерлікті қолдау Картасы бойынша 12 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 508,8 млрд.теңгеге 107 жоба іске асырылды.

2021 жылдың желтоқсан айында 8,2 млрд.теңге сомасына 290 жұмыс орнын құрумен 5 жобаны іске қосу жоспарланған. ИИДМБ іске асыру барысында алдағы жылдары 5 мың жұмыс орнын құра отырып, 205,6 млрд.теңгеге 34 жобаны іске асыру жоспарланған.

Жобалар экономиканың 9 саласында жүзеге асырылуда: тамақ өнеркәсібі, машина жасау, АӨК, құрылыс индустриясы, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп, металл өңдеу, Ағаш өңдеу және химия өнеркәсібі.

Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын Алматы қаласында іске асыру барысы туралы
Дата публикации
10 ноября 2021