Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» мен «Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/90 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» мен «Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/90 қаулысына келесі толықтырулар енгізілсін:

аталған қаулымен бекітілген «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережедегі:

16 тармақ келесі мазмұндағы 17-2) және 17-3) тармақшалармен толықтырылсын:

«17-2) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылған сауда үстемесі мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

17-3) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасында белгіленген сыйақы мөлшерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру.».

2. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі:

1) құрылтай құжатына енгізілген толықтырулар туралы әділет органдарына хабарлауды;

2) осы қаулыны жариялау үшін қол қойылған күннен бастап, күнтізбелік жиырма күн ішінде электрондық түрде шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.С. Қиқымовқа жүктелсін.

Ашық НҚА

Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы» мен «Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемелерін қайта ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2019 жылғы 4 ақпандағы № 1/90 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Дата публикации
12 октября 2021