Алматы қаласының аумағында карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы
23 қаңтардағы Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының
1999 жылғы 11 ақпандағы «Өсімдіктер карантині туралы» Заңының 9-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Алматы қаласы бойынша Аумақтық инспекциясының 2021 жылғы 28 қаңтардағы
№ 01-09/30-И ұсынысының негізінде, Алматы қаласының
әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, карантиндік объектілердің түрлері бойынша аудандар бөлінісінде Алматы қаласының аумағында карантин режимін енгізе отырып, жалпы ауданы 52,9 гектар жерге карантин аймағы белгіленсін.

2. «Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауды және ресми интернет-ресурста орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М.С. Қиқымовқа жүктелсін.

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Дата публикации
23 апреля 2021