
5 қыркүйек – ұлт ұстазы, ағартушы, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Алматы қаласындағы А. Байтұрсынұлы музей-үйінде «Бір мақсат, бір мүдде: Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ зиялылары» атты дөңгелек үстел өтті.
Тағылымды шара Ахмет Байтұрсынұлы саябағында орналасқан ұлт ұстазының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Қатысушылар Алаш қозғалысының көрнекті өкілі, қазақ ғылымы мен мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның рухына тағзым етті.
Дөңгелек үстелге Ішкі саясат басқармасының Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің басшысы, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Жиында Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі, ғылыми және шығармашылық мұрасы, сондай-ақ қазақ зиялыларымен үндескен ұлттық идеясы кеңінен сөз болды. Қатысушылар ұлт ұстазының ел тарихындағы орнына тоқталып, оның ағартушылық жолы мен ұлттық тіл, білім және мәдениет саласына сіңірген еңбегінің маңызын атап өтті.
Шараның негізгі мақсаты – Ахмет Байтұрсынұлының өнегелі өмір жолы мен ғылыми-рухани мұрасын насихаттау, қазақ зиялыларының ұлттық мүдде жолындағы қызметін кеңінен дәріптеу және жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру.
Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде ұйымдастырылған бұл тағылымды шара ұлт ұстазының елдік мұрасын ұлықтап, оның идеяларының бүгінгі қоғам үшін де өзектілігін айқындай түсті.
2026 жылғы 4 қыркүйекте Алматы қаласында ағартушы, тілтанушы, әдебиеттанушы, қоғам қайраткері, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай дәстүрлі «Ұлт ұстазын ұлықтау» атты дөңгелек үстел өтті.
Тағылымды жиынға қоғам қайраткері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Асылы Осман, ғалым Анар Мұратқызы Фазылжанова, Нұрша Алжанбайқызы Оразахынова, Қапалбек Бижомарт Сейсенбекұлы, Ермекова Тыныштық Нұрдәулетқызы, Абитжанова Жанар Алтынбекқызы, Көкенова Закира Қонысбекқызы, Анар Салқынбай және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, актер Байғали Мақұлбекұлы Есенәлиев қатысты.
Дөңгелек үстел барысында Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық ғылым мен білім, тіл білімі, әдебиет және қоғамдық ойдың қалыптасуына қосқан өлшеусіз үлесі кеңінен сөз болды. Қатысушылар ұлт ұстазының ғылыми-шығармашылық мұрасы мен рухани құндылықтары жөнінде ғылыми пікірлерін ортаға салды.
Жиын аясында жаңа ғылыми еңбектің тұсаукесері өтіп, музей қорын толықтыру рәсімі ұйымдастырылды. Бұл шаралар Ахмет Байтұрсынұлының мол мұрасын дәріптеп, кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңызын айқындай түсті.
Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай ұлт ұстазының рухына тағзым ету мақсатында ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Іс-шараға қатысушылар Алаш ардақтысының ел тарихындағы айрықша орнына құрмет білдіріп, оның ұлттық руханият пен ағартушылық жолындағы еңбегін ұлықтады.
Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен өнегелі жолы – елдік пен білімге, ғылым мен ұлттық санаға қызмет етудің жарқын үлгісі. Ұлт ұстазының тағылымды мұрасы ұрпақ санасында мәңгі жасай бермек.
ҮЕҰ үшін сыйлықақы беру конкурсы туралы ақпарат
Үкіметтік емес сектордың қызметін қолдау мақсатында 2017 жылдан бастап Министрлік үкіметтік емес ұйымдарды сыйлықақы түрінде ынталандыру тетігін енгізді.
ҮЕҰ үшін сыйлықақы – бұл республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін үкіметтік емес ұйымдарға бюджет қаражаты есебінен берілетін ақшалай сыйақы.
Жылдар аралығында 558 ҮЕҰ сыйлықақы иегерлері атанды (2017 жылы – 59 ҮЕҰ, 2018 жылы – 63 ҮЕҰ, 2019 жылы – 63 ҮЕҰ, 2020 жылы – 38 ҮЕҰ, 2021 жылы-64 ҮЕҰ, 2022 жылы – 54 ҮЕҰ, 2023 жылы – 79 ҮЕҰ, 2024 жылы – 66 ҮЕҰ, 2025 жылы – 72 ҮЕҰ).
ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы келесі 16 маңызды сала бойынша әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін ҮЕҰ-ға беріледі («Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңның 5-бабына сәйкес) https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z050000036_ ):
1) білім беру, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізу;
2) азаматтардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салтын насихаттау;
3) қоршаған ортаны қорғау;
4) жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау;
5) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу;
6) халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдау;
7) жетім балаларға, толық емес және көп балалы отбасылардағы балаларға көмек көрсету;
8) халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
9) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
10) мәдениет пен өнерді дамыту;
11) тарихи-мәдени мұраны қорғау;
12) қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту;
13) өздерінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде пробация қызметіне жәрдемдесу;
14) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу;
15) азаматтық қоғамды дамытуға, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;
16) волонтерлік бастамаларды дамыту және қолдау.
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі
2026 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қыркүйекке дейін (қоса алғанда) ҮЕҰ-ға арналған сыйлықақы конкурсына өтінімдер қабылдауды жүргізеді (сыйлықақылар ҮЕҰ-ға арналған сыйлықтарды беру қағидалары негізінде беріледі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1800017041 ).
Конкурсқа қатысуға келесі ҮЕҰ-лар жіберіледі:
- Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген ҮЕҰ;
- 2025 жылдың қорытындысы бойынша ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді уақытылы ұсынған ҮЕҰ;
- Соңғы үш жылда сыйлық иегерлері болып табылмайтын ҮЕҰ.
Конкурсқа қатысуға жіберілмейтін ҮЕҰ-лар:
- үкіметтік емес ұйымның филиалдары немесе өкілдіктері;
- 2025 жылдың қортытындысы бойынша ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбаған немесе уақтылы ұсынбаған ҮЕҰ;
- соңғы 3 (үш) жыл ішінде сыйлықақы алған ҮЕҰ.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар тізбесі мыналарды қамтиды:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы беру конкурсына қатысуға өтініш;
2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің сауалнамасы;
3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сыйлықақыға үміткердің қызметі туралы сипаттама (растайтын материалдармен бірге);
4) соңғы 3 (үш) жыл ішінде ұсынылған сала бойынша іске асырылған жобаларды және бірлескен жұмыс барысында қол жеткізілген нәтижелерді растау мақсатында байланыс деректері көрсетілген, өтінім берген үкіметтік емес ұйымның қызметі туралы қоғамдастық (үкіметтік емес ұйымдар), мемлекеттік органдар өкілдерінің ұсынымдары (екіден кем емес);
5) марапаттау дипломдарының, грамоталарының, алғыс хаттардың көшірмелері (болған жағдайда);
6) үміткердің немесе үміткер туралы мақалалардың, жарияланымдардың көшірмелері (болған жағдайда);
7) құрылтай құжаттарының көшірмелерін;
8) әлуметтік желілердегі парақшаға сілтеме (болған жағдайда).
Ескерту: төменде сыйлықақыға өтінім беруге арналған қосымшалардың нысандары қоса беріледі.
Сыйлықақы алуға ҮЕҰ өтінімдері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне 1 шілдеден 1 қыркүйекке дейін (Астана қаласы уақытымен сағат 18:30-ға дейін) premiya2026@cisc.kz (PDF форматында) электрондық мекенжай арқылы жолданады немесе қағаз және электрондық тасығыштарда (CD-дискілерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда DOC, DOCX, PDF форматында) қолма-қол Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Министрліктер үйі», 14-кіреберіс мекенжай бойынша жолдауға болады.
Өтінімді Сізге ыңғайлы тілде тапсыруға болады (қазақ немесе орыс тілдерінде).
ҮЕҰ-ның өтінімдері екі кезеңмен қаралады:
- бірінші кезеңде сараптамалық қоғамдастық, ҮЕҰ өкілдерінен тұратын жұмыс тобы тиісті салалар бойынша сыйлықақы алуға ізденушілердің өтінімдерін зерделейді және бағалайды;
- өтінімнің екінші кезеңінде Комиссия жұмыс тобының бағалауы негізінде шешім қабылдайды.
Сұрақтар туындаған жағдайда келесі нөмірлер бойынша хабарласуға болады: 8 (7172) 74-07-41, 74-09-97, 74-02-17.
Ескерту!
Өтінімді premiya2026@cisc.kz электрондық мекенжайға жолдағаннан кейін техникалық ақауларды болдырмау мақсатында жоғарыда көрсетілген нөмірлер бойынша міндетті түрде бізге хабарласуды сұраймыз.
«Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың (бұдан әрі - СЖІТ) аяқталғаны туралы хабарлайды және СЖІТ нәтижелерін жария талқылауға кіріседі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелеріне қатысты түсініктемелер, ұсыныстар, ескертулер болған жағдайда 10 шілдеге дейінгі мерзімде келесі мекенжайлар бойынша жолдауды сұраймыз: Электрондық пошта мекенжайы a.ermekova@almaty.gov.kz Алматы қаласы, Республика алаңы, 4 (№ 513 каб.)
Алматы қаласы әкімдігінің 2023 жылғы 23 қарашадағы № 4/617 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Алматы қаласының іс-қимыл жоспарына» сәйкес, 2026 жылғы 17–19 маусым аралығында жергілікті атқарушы органдар мен орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуі ұйымдастырылды. Аталған тестілеумен жалпы саны 1392 адам қамтылды, оның ішінде Алматы қаласы әкімдігінің 813 қызметкері қатысты.
*Алматы таңдайды: «Қазақстанның үздік тауары»*
2026 жылы 27 маусымда сағат 09:00-де Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының алдындағы алаңда (Шевченко көшесі, 28) «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік байқау-көрмесі өтеді. Іс-шараны Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ҚР ҰКП «Атамекеннің» Алматы қаласы бойынша филиалы ұйымдастырады.
Байқау отандық өндірушілерді қолдауға, қазақстандық өнімдердің сапасын арттыруға және ішкі нарықта бәсекеге қабілетті тауарларды ілгерілетуге бағытталған маңызды алаңдардың бірі. Оның негізгі мақсаты – кәсіпорындарды заманауи сапа стандарттарын енгізуге ынталандыру және бизнес пен қоғам арасында сапа мәдениетін дамытуға ықпал ету.
Биылғы көрмеге 60-тан астам отандық өндіруші қатысып, өнімдердің түр-түрін ұсынады. Келушілер үшін өнімдердің дәмін тату шаралары, таныстырылымдар, қазақстандық брендтердің жәрмеңкесі, сондай-ақ жергілікті өндірушілердің жаңа тауарларының көрмесі ұйымдастырылады.
Байқауға Қазақстан Республикасының аумағында өндірістік, азық-түлік және өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдер шығаратын, өз өнімдерінің тұрақты сапасын дәлелдей алатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер қатыса алады.
Байқау үш аталым бойынша өткізіледі:
* «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
* «Халық тұтынатын үздік тауарлар»;
* «Үздік азық-түлік тауарлары».
Әр аталым бойынша үш жеңімпаз анықталады. Өңірлік кезеңнің үздік кәсіпорындары республикалық «Қазақстанның үздік тауары» байқау-көрмесінде Алматы қаласының намысын қорғайды.
Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша тоғыз кәсіпорын байқау дипломанты атағына ие болып, арнайы дипломмен және «Қазақстанның үздік тауары» ресми эмблемасымен марапатталады. Сонымен қатар, олар төрт жыл бойы байқау белгісін жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.
Байқауға қатысуға ниетті Алматы қаласының кәсіпкерлері өтінімі мен сұрақтарын otp.atameken@gmail.com электрондық поштасына жолдай алады.
Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын көрмеге келіп, отандық өндірушілерді қолдауға шақырамыз. Бірге ең үздігін таңдайық!
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы 2026 жылдың 1 маусымнан бастап сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жұмысын бастайды.
Жоспарланған іс-шара бойынша ұсыныстар мен түсініктемелер a.ermekova@almaty.gov.kz электрондық поштаға немесе Алматы қ. Республика алаңы, 4, (№513 каб.) мекенжайы бойынша 2026 жылғы 1 маусымға дейін қабылданады.
Абай атындағы опера және балет театры төрінде Қазақстанның Халық жазушысы, Еңбек Ері, ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовтің
90 жасқа толуына арналған салтанатты кеші өтіп, зиялы қауым өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен өнер майталмандарының басын қосты.
Кеш шымылдығы ақынның жүрекке әсерлі өлеңдерін оқумен ашылып, көрермен назарына Олжас Сүлейменовтің өз дауысымен оқылған архивтік бейнежазбасы ұсынылды.
Кеш барысында мерейтой иесіне Қазақстан және шетелдік мемлекет және қоғам қайраткерлерінен, мәдениет пен әдебиет өкілдерінен арнайы құттықтаулар жолданып, ақынның ел руханиятына сіңірген елеулі еңбегі кеңінен аталып өтті.
Салтанатты кеште танымал өнер жұлдыздары ән шырқап, ақындар арнау өлеңдерін оқыды. Мерейтойлық кеш барысында Олжас Сүлейменовтің шығармашылығы, азаматтық ұстанымы мен қоғамдық қызметі кеңінен дәріптелді.
Сонымен қатар, бүгін Олжас Сүлейменовке Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысы атынан құттықтау хат табыстады.
Олжас Сүлейменов – қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлға. Оның шығармалары ұлттық руханияттың алтын қорына еніп, бірнеше буын оқырманның рухани тәрбиесіне ықпал етті. Ақынның қоғамдық және халықаралық деңгейдегі қызметі де ел тарихында айрықша орын алады.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды.
Құрметті қала тұрғындары! «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының 1-ші кезеңіне (аудандық) құжаттар қабылдау басталды.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы адамгершілік құндылықтарын жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) жағымды үлгісін дәріптеуге, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсты өткізудің мақсаты:
1) отбасы институтын, адамгершілікті, руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану;
2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;
3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балалардың еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеп, кеңінен насихаттау;
4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу үшін 2026 жылғы 15 мамырдан бастап 15 маусымға дейін өтінімдер қағаз немесе электрондық нұсқада қабылданады. Толық ақпарат алу үшін тұрғылықты мекенжай бойынша аудан әкімдігіне жүгінуге болады.
Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні - 2026 жылғы 14 маусым.
Алматы әкімдігі жанындағы ҮЕҰ-мен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің отырысында мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылын дамытудың негізгі тәсілдері талқыланды. Жиында Жаңа Конституцияның ережелерін түсіндіру, сондай-ақ «Таза Қазақстан», «Заң мен тәртіп» және «Адал азамат» идеологиялық бастамаларын ілгерілету мәселесіне айрықша назар аударылды.
Кездесу барысында үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдық тыңдауларға қатысуы, әлеуметтік инновацияларды дамыту және жұмыстың жаңа форматтарын енгізу мәселелері қаралды. ҮЕҰ-ның конституциялық реформалардың мәнін халыққа түсіндіруде және азаматтық жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.
Отырысты ашқан Алматы қаласы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенов азаматтық сектордың стратегиялық маңызын атап өтті:
– Алматының азаматтық секторы қоғам мен мемлекет арасындағы маңызды байланыстырушы буын. Мемлекет үшін бұл – ортақ міндеттерді шешудегі лайықты әрі тең серіктес, – деді ол.
Сондай-ақ ол былтыр Мемлекет басшысы азаматтық қоғамды дамыту, әлеуметтік жауапкершілікті күшейту және мемлекеттің халықпен өзара іс-қимылын нығайту бағыттарын айқындайтын Ішкі саясат тұжырымдамасын бекіткенін еске салды. Аталған құжатқа негізгі идеологиялық бағдарлар енгізілген.
Атап айтқанда, «Таза Қазақстан» бастамасы экологиялық жауапкершілікті ілгерілетіп, азаматтардың абаттандыру мен қоршаған ортаны қорғауға қатысуының жаңа мәдениетін қалыптастырады. Бұл бастама әр адамның жеке тәртібіне, ҮЕҰ мен азаматтық сектордың белсенді араласуына мән береді және ұлттық құндылықтар мен әлеуметтік маңызы бар бағдарламалармен сабақтасып жатыр.
«Заң мен тәртіп» идеологемасы заң үстемдігі мен қоғамдық тәртіп қағидатын орнықтырып, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасында құқықтық мәдениет, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастырады. Оны іске асырудағы маңызды тетік – ҮЕҰ бастамалары, волонтерлік бағдарламалар мен азаматтық сектор жобалары арқылы қоғамның белсенді қатысуы. Бұл заңға бағыну мәдениетін нығайтуға, халыққа құқықтары мен міндеттерін түсіндіруге, сондай-ақ қоғамдық нормалар мен ережелерді құрметтеу дағдысын қалыптастыруға ықпал етеді.
Ішкі саясаттың келесі қағидаты – «Адал азамат». Бұл бастама азаматтардың бойында адалдық, ұқыптылық және жеке жауапкершілік қағидаттарын қалыптастыруға бағытталған. Оны жүзеге асыру үшін ҮЕҰ бастамалары, білім беру және ағартушылық бағдарламалар арқылы қоғамды кеңінен тарту қажет.
Осылайша, аталған бастамалар мен қағидаттардың тоғысуы мемлекет, қоғам және әрбір азамат әділ, орнықты әрі үйлесімді даму жолында бірлесе әрекет ететін «Әділетті Қазақстанды» құрудың берік негізін қалайды.
Белгілі болғандай, республикалық референдумда Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясы қабылданды. Қаланың үкіметтік емес ұйымдары бұл маңызды оқиғаға белсенді қатысып, мемлекет пен қоғамның заманауи басымдықтарын айқындайтын жаңартылған құқықтық негізді қолдады. Жаңа Конституция елдің одан әрі дамуына, демократиялық институттарды нығайтуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік органдар жұмысының ашықтығы мен жауапкершілігін арттыруға кең мүмкіндік береді.
Абзал Нүкеновтің айтуынша, бұл – тек қатаң сақталуы тиіс негізгі құжат қана емес, сонымен бірге оны халық арасында жан-жақты түсіндіру де аса маңызды.
– Түсіндіру жұмыстарын жалғастыру өте маңызды. Халық өз құқықтары мен міндеттерін, мемлекеттің басымдықтарын, сондай-ақ қоғам өміріне араласудың маңызын түсінуі керек. Конституцияда мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, соның ішінде құқықтық мемлекетті дамыту, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету, азаматтық белсенділікті ынталандыру және ел өміріне ықпал ететін шешімдерді қабылдауға халықты тарту мәселелері бекітілген, – деп қосты ол.
Осылайша, Жаңа Конституция құқықтық мәдениетті қалыптастырудың, азаматтардың жауапкершілігін арттырудың және мемлекеттік институттарға деген сенімді нығайтудың іргетасына айналып отыр. Әрбір азамат оның қағидаттарының қоғамның күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналуына және мемлекет пен азаматтардың нақты іс-әрекеттерінен көрініс табуына үлес қосуы тиіс.
Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Есенбеков нақты шешімдер қабылдау үдерісіне ҮЕҰ қатысуын кеңейтудің маңызын атап өтті:
– Алматы – күрделі әрі көпқабатты қала. Әр ауданның өз ерекшелігі, өз мәселесі бар. Сондықтан тұрғындармен тікелей жұмыс істейтін ҮЕҰ мен сарапшылардың рөлін күшейту біз үшін өте маңызды, – деді ол.
Басым бағыттардың қатарында рәсімдердің ашықтығын арттыру, өзара іс-қимылды цифрландыру, сондай-ақ әлеуметтік жобалауға және тиімділікті бағалауға қатысты ҮЕҰ-ға арналған білім беру бағдарламаларын дамыту мәселелері аталды.
Алматы мәслихатының депутаты Алтынай Көбеева азаматтық сектордың сапалық тұрғыдан күшеюіне назар аударды:
– Азаматтық сектор – тек әлеуметтік жобаларды орындаушылар ғана емес, сонымен қатар идея ұсынатын және кәсіби сараптама қалыптастыратын орта, – деді ол.
«Almaty Azamattyq Alliance» ЗТБ төрағасы Нұржан Жақыпов бастамаларды іс жүзінде жүзеге асырудың маңызын атап өтті:
– Азаматтық сектор жұмысының негізі – халықпен тұрақты байланыс арқылы қалыптасатын сенім, – деді ол.
Отырыс қорытындысы бойынша ҮЕҰ-ның қоғамдық тыңдаулар мен әлеуметтік жобаларға қатысуын күшейту, сондай-ақ Жаңа Конституция мен мемлекеттік идеологиялық бастамалар бойынша жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңейту жоспарланып отыр.
Кездесу соңында отырыс барысында айтылған негізгі бастамалар мен ұсыныстарды жинақтап, алдағы жұмыстың нақты бағыттары мен оларды іске асыру тетіктерін айқындау маңызды екені атап өтілді.