Лого

Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарлама

 

Республикалық және өңірлік

деңгейлерде мемлекеттік

ақпараттық саясатты жүргізу

жөніндегі мемлекеттік

тапсырысты орналастыру

қағидаларына

1-қосымша

 

Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

 

«Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы» КММ Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген теле-, радиоарналар (субъект атауы) арасында телевизиялық бағдарлама форматында өңірлік деңгейінде (атауы) мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.

Қызмет атауы: Қазақстан Республикасының аумағында таратылатын теле-, радиоарналардың міндетті тізбесіне енгізілген телевизияда көрсетілетін (телевизиялық бағдарламалар өндіру және орналастыру) қызметі.

Бағыт: 2022 жылдың 1 қыркүйегіндегі «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы»; Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы; Реформалар; Кезектен тыс президенттік сайлау.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 74а үй, каб № 30 мекенжайы бойынша жіберіледі, кеңсе 2022 жылғы 19 қыркүйегінің сағат 18.00 дейін қабылдайды.

Тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 74а үй, каб № 220 мекенжайы бойынша (мекенжайын толық көрсету) 2022 жылдың 20 қыркүйегінде сағат 11.00 (күні мен уақытын көрсету) ашылады.

Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейде ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: "(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА" және "(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ" деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.

Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.

Қағидалардың 8 және 45-тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3 және 5-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі.

Өтінімге Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес құжаттар тізбесі қоса берілуі тиіс.

 

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V22R0026829

https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1700014886

Объявление конкурса №3 қосымша

Дата публикации
02 сентября 2022
Дата обновления
02 сентября 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

14 сентября 2026
Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарлама
15 июля 2026
Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарлама
27 марта 2026
Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы