
Республикалық және өңірлік
деңгейлерде мемлекеттік
ақпараттық саясатты жүргізу
жөніндегі мемлекеттік
тапсырысты орналастыру
қағидаларына
1-қосымша
Тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы мерзімді баспасөз басылымдарында (газеттер мен журналдар), радиоарналар және интернет-ресурстар арасында өңірлік деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 74а үй, каб № 30 мекенжайы бойынша жіберіледі, кеңсе 2022 жылғы 03 тамыздың сағат 18.00 дейін қабылдайды.
Тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 74а үй, каб № 220 мекенжайы бойынша (мекенжайын толық көрсету) 2022 жылдың 04 тамызында сағат 11.00 (күні мен уақытын көрсету) ашылады.
Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейде ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: "(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА" және "(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ" деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағидалардың 8 және 45-тармақтарына сәйкес қатысу үшін Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге Республикалық және өңірлік деңгейлерде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3 және 5-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі.
Өтінімге Қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес құжаттар тізбесі қоса берілуі тиіс.
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V1700014886
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V22R0026829
мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың көлемі