
«Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы» КММ мерзімді баспасөз басылымдарында (газеттер) және интернет-ресурстар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.
Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, Азаматтарды қабылдау орталығы 111А каб. (Желтоқсан көшесі жағынан кіреберіс) мекенжайы бойынша жіберіледі, өтініштер 2026 жылғы 29 шілде сағат 17.00-ге дейін қабылданады.
Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 521 каб. мекенжай бойынша 2026 жылғы 30 шілдеде сағат 11.00-де ашылады.
Үміткер өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі бар өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: "(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА өңірлік деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік ТАПСЫРЫСҚА" және "(өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ" деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.
Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.
Қағидалардың 15-тармағына сәйкес қатысу үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді уақтылы беру қажет. Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі қоса беріледі.
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400035349
http://zan.gov.kz/client/#!/md/207510/rus
интернет-ресурстарға тапсырыс көлемі
Мерзімді басылымдарға арналған 2026 жылғы ақпараттық тапсырыс көлемі