Лого

Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарлама

Өңірлік деңгейде мемлекеттік
ақпараттық саясатты жүргізу
жөніндегі мемлекеттік
тапсырысты орналастыру
қағидаларына
1-қосымша

 

   
     

Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

      «Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы» КММ  мерзімді баспасөз басылымдарында (газеттер), теле-, радиоарналар мен интернет-ресурстар арасында өңірлік деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.

      Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, Азаматтарды қабылдау орталығы 111 каб. (Желтоқсан көшесі жағынан кіре беріс) мекенжайы бойынша жіберіледі, кеңсе 2025 жылғы 19 наурыздың сағат 17.00 дейін қабылдайды.

      Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдер бар конверттер Алматы қаласы, Республика алаңы, 4, 529 каб. мекенжай бойынша 2025 жылғы 20 наурызда сағат 11.00 ашылады.

      Үміткер өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі бар өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: "(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА өңірлік деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік ТАПСЫРЫСҚА" және "(өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ" деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады.

      Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды.

      Қағидалардың 15-тармағына сәйкес қатысу үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімді уақтылы беру қажет. Өңірлік тапсырысқа қатысуға өтінімге өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес өңірлік тапсырысқа қатысуға арналған құжаттар тізбесі қоса беріледі.

2025 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық тапсырыс көлемі

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035349

http://zan.gov.kz/client/#!/md/207510/kaz

 

 

Дата публикации
04 марта 2025
Дата обновления
04 марта 2025
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

14 сентября 2026
Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарлама
15 июля 2026
Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарлама
27 марта 2026
Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабарлама

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы