Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
- Жалпы ережелер
- Үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес (бұдан әрі – Кеңес) Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы консультативтік-кеңестік орган болып табылады.
- Өз қызметінде Кеңес Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін басшылыққа алады.
- Кеңес қызметі Кеңестің мақсаты мен міндеттеріне қайшы келмейтін мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен, халықаралық және шетелдік ұйымдармен ынтымақтастық жасайды.
- Кеңес отырысының шешімдері хаттамамен ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады.
- Кеңестің мақсаты, міндеттері мен функциялары
- Кеңестің мақсаты үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ), мүдделі ведомстволар және мемлекеттік басқару органдарының азаматтық қоғам институттарын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мәселелері бойынша өзара қарым-қатынас жүйесін жетілдіру болып табылады.
- Кеңестің негізгі міндеттері:
- ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді және демократиялық күштердің бірігуін нығайту, әлеуметтік мәселелерді шешу, азаматтық қоғамды құруда ҮЕҰ рөлін көтеру;
- мемлекттік органдар мен ҮЕҰ өзара қарым-қатынасының оңтайлы үлгісін бірлесіп әзірлеу;
- қоғамды одан әрі демократияландыруға, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге, қазақстандық мемлекеттілікті нығайтуға, азаматтық ынтаны көтеру үшін жағдайлар жасауға бағытталған іс-шаралардың кешенді бағдарламасын әзірлеу;
- мемлекеттік органдар мен ҮЕҰ арасындағы ынтымақтастықты нығайту және кеңейту, бірлескен іс-шараларды үйлестіру және оларды іске асырудың механизмдерін жасау.
- Өзінің міндеттерін іске асыру мақсатында Кеңес мынадай функцияларды орындайды:
- ҮЕҰ қызметіне байланысты мәселелер мен проблемалар жағдайын зерделеу, талдау;
- ҮЕҰ қызметін белсендіру үшін жағдайлар жасау, сондай-ақ мемлекеттік құрылымдар және ҮЕҰ арасындағы өзара қарым-қатынастарын кеңейту және нығайту бойынша ұсынымдар дайындау;
- тиісті мемлекеттік органдарға және ҮЕҰ талдамалық, әдістемелік және басқа да мәліметтерді қарау және шешім қабылдау үшін жіберу;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы қөзқарас мәселелерін қарастыру.
- Кеңес қызметін ұйымдастыру және тәртібі
- Кеңестің жеке құрамы, сондай-ақ оның құрамына енгізілетін өзгерістер Алматы қаласының әкімімен бекітіледі.
- Кеңесті, оның қызметіне басшылық ететін төраға басқарады. Төраға болмаған жағдайда оның міндеттерін төрағаның орынбасары атқарады.
- Кеңес мүшелері оның жұмысына қоғамдық бастамалар ретінде қатысады.
- Кеңес отырыстары тоқсанында кемінде бір рет өткізіледі. Кеңестің кезектен тыс отырысы Кеңес төрағасының немесе Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасымен шақырылады.
- Отырыс егер оның жұмысына Кеңес мүшелері жалпы санының кемінде төрттен үші қатысқан жағдайда ғана құқылы болып есептеледі.
- Кеңестің шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және Кеңес мүшелері жалпы санының басым көпшілігі дауысы берілген жағдайда қабылданған болып есептеледі.
- Дауыс саны тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.
- Кеңес:
- өз қызметін осы Ережеге және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоспарлау мен жүзеге асыруға;
- мемлекеттік органдарға ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді, адамның демократиялық құқықтарын және бостандықтарын нығайтуға бағытталған мемлекеттік құрылымдардың және ҮЕҰ қызметінің мәселелері бойынша ұсыныстарды енгізуге;
- Кеңес отырыстарында мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдардың өкілдерін шақыруға және тыңдауға;
- ҮЕҰ және мемлекеттік құрылымдардың бірлескен қызметіне қатысты нақты мәселелер мен проблемалар бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс топтарын құруға;
- өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға;
- мемлекеттік органдар және ҮЕҰ өзара қарым-қатынасты жетілдіру бойынша шараларды қабылдаумен байланысты басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы.
- Кеңестің жұмысы үшін жағдайлар жасау
- Кеңес отырысының жүргізілуін ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз ету «Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктеледі.
- Кеңес қызметін тоқтату тәртібі
- Кеңес қызметін тоқтату туралы шешімді Алматы қаласының әкімдігі қабылдайды.
Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің
құрамы
Алматы қаласы әкімінің үкіметтік емес сектор мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасары, Кеңес төрағасы;
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы, Кеңес төрағасының орынбасары;
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының азаматтық бастамаларды қолдау бөлімінің басшысы, хатшы.
Алматы қаласы әкімдігінің жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің мүшелері
Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы;
Алматы қаласы Спорт басқармасының басшысы;
Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы;
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы;
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы;
Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы;
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы;
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы;
Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы;
Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы;
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының төрағасы, Кеңес төрағасының орынбасары (келісім бойынша);
«Жалпы жол» жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығының президенті (келісім бойынша);
«Reliance» қоғамдық қорының директоры (келісім бойынша);
«Азаматтық қоғамды дамыту қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің директоры (келісім бойынша);
«Алматы қаласы бойынша Азаматтық Альянс» ЗТБ төрағасы (келісім бойынша);
Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры (келісім бойынша);
«Әріптес» Алматы қаласы үкіметтік емес ұйымдары конфедерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
«Родник» әйелдер мен балаларға арналған әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы» қоғамдық қорының директоры (келісім бойынша);
«Аманат» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты Алматы қалалық филиалының төрағасы (келісім бойынша);
«Қоғамдық жоба» мекемесінің директоры (келісім бойынша);
«Қазақстан балалар үйлері түлектерінің қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті (келісім бойынша);
«Eco fund tabigat» жеке қорының директоры (келісім бойынша);
«Халықаралық құқық қорғау орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша);
«Генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
«Тұрақты өндіріс пен тұтыну орталығы» корпаративті қорының директоры (келісім бойынша);
«Алматы қалалық мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
«SDC» қоғамдық қорының атқарушы директоры (келісім бойынша);
«Ақпараттық-ресурстық орталық» қоғамдық қорының директоры (келісім бойынша);
«Педагогика ғылымдары академиясы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша);
«Ұлттық медициналық қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша);
«Аман-Саулық» қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша);
«Алматы қаласы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);
«Ұлттық және халықаралық даму бастамалары институты» қоғамдық қорының директоры (келісім бойынша);
«Шығармашылық бастамашы әйелдер лигасы» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша);
«Қазақ тілі» халықаралық қоғамы филиалының басшысы (келісім бойынша).