Алматы қаласы әкімдігінің
2022 жылғы «1» маусым № 2/243
қаулысына қосымша
«Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1.«Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Алматы қаласының аумағында ішкі және мемлекеттік ақпараттық саясат саласында, азаматтық қоғамды және этносаралық келісімді дамыту саласында басшылық жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
1) азаматтарды қоғамда өзекті құндылықтарды, «Рухани Жаңғыру» мен тарихи сананы ілгерілету және орнықтыру арқылы жүргізілетін реформаларды іске асыруға белсенді тарту;
2) мемлекеттің, бизнестің және азаматтық қоғам институттарының күш-жігері мен мүмкіндіктерін біріктіру арқылы қаланың әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешу;
3) консультативтік-кеңесші алаңдарын кеңейту және жетілдіру арқылы қоғам мен биліктің сенім деңгейін арттыру және мүдделерін үйлестіру;
4) кері байланыстың озық іс-тәжірибесін дамыту арқылы қоғамның тартылу деңгейін арттыру;
5) тиімді өзара іс-қимыл жасау және азаматтық қоғам институттары мен қоғамдық пікір көшбасшыларының рөлін күшейту арқылы мемлекеттік органдардың халықтың қоғамдық сауалдарына ден қою жүйесін жетілдіру;
6) қоғамда толеранттылықты нығайтуға, бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық моделін ілгерілетуге бағытталған мәдениетті қалыптастыру;
7) Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
8) мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, этносаралық толеранттылықты, қоғамдағы қоғамдық келісім мен тұрақтылықты, ұлттық бірлікті, қазақстандық азаматтық бірегейлікті және патриотизмді нығайту;
9) өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
1) құқықтары:
Алматы қаласының барлық мемлекеттік органдарынан және өзге де органдардан қажетті ақпаратты сұрату және алу;
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес хаттамалар жасау;
өз құзыретінің шегінде ақпараттық сипаттағы іс-қимылдар кешені арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сақтау және нығайту бойынша қажетті шаралар қабылдау;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа талап-арызбен жүгіну;
өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен берілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру;
2) міндеттері:
Алматы қаласының әкімдігі мен мәслихаты бекітетін бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
Басқарманың құзыретіне кіретін қала әкімдігі қаулыларының, өкімдерінің, актілерінің жобаларын әзірлеу;
қала әкіміне жергілікті атқарушы органдардың қоғамдық даму мәселелері жөніндегі қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
реформалар бағытын, басқа да мемлекеттік бағдарламалық құжаттарды түсіндіру барысы туралы қала әкіміне талдамалық анықтама дайындау жөніндегі жұмысты үйлестіру;
барлық қалалық қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық, ақпараттық-ойын-сауық іс-шараларына қатысу;
өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан сұрату, Басқарма құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін тарту, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
1) азаматтық қоғам институттарын тарта отырып, ұйымдастырушылық-практикалық іс-шаралар арқылы мемлекеттік стратегиялық бағдарламалар мен құжаттарды түсіндіру және ілгерілету;
2) халық арасында қазақстандық қоғам үшін дәстүрлі құндылықтарды ілгерілету, азаматтардың патриотизм және әлеуметтік жауапкершілік сезімдерін нығайту жөніндегі ақпараттық шаралар кешенін ұйымдастыру;
3) азаматтарды ұйымдастырушылық, консультативтік-әдістемелік, ақпараттық қолдау бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру;
4) қаланы дамыту мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарына, әлеуметтік зерттеулерге мониторинг жүргізу арқылы қоғамдық пікірді талдау арқылы әкімдік жұмысын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеу;
5) бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
6) ұсыныстар енгізу, бағдарламалық құжаттарды, оның ішінде мемлекеттік органдардың азаматтық қоғам және бизнес институттарымен өзара іс-қимылы бойынша үш жақты құжаттарды әзірлеу және іске асыру;
7) әлеуметтік жобаларды іске асыру үшін азаматтық қоғам өкілдерінің ұсыныстарын жинау және талдау;
8) қоғамдық-саяси және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша билік органдары мен азаматтардың мүмкіндіктерін біріктіру үшін мониторинг, талдау, болжау және практикалық ұсынымдар, тетіктер мен шешімдер әзірлеу, сондай-ақ халықтың әл-ауқатының тәуекелдерін анықтау және кешенді бағалау;
9) қаланың өзекті мәселелері бойынша ұсынымдарды талқылау және әзірлеу үшін диалог алаңдарын ұйымдастыру;
10) қызметі қоғам мен биліктің мүдделерін келісуге бағытталған консультативтік-кеңесші органдарды құру және олардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
11) азаматтарды және азаматтық қоғам институттарын қаланы дамытудың тақырыптық күн тәртібін, енгізілетін бастамаларды, инновацияларды айқындауға және оларды талқылауға тарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, азаматтардың әлеуметтік жауапкершілік пен патриотизм сезімін қалыптастыру;
12) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыру;
13) мүдделі мемлекеттік құрылымдармен бірлесіп, қаланың өзекті мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру кампанияларын жоспарлау, әзірлеу және іске асыру;
14) қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, «кері байланыстың» неғұрлым тиімді және озық практикаларын талдау және енгізу;
15) жергілікті атқарушы органдардың азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылы жөніндегі қызметін үйлестіру, олардың тартылу, қатысу, ынтымақтастық тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
16) үкіметтік емес ұйымдардың және азаматтық қоғамның басқа да институттарының құзыреттері мен дағдыларын арттыру үшін жағдайлар жасау;
17) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін танымал ету, мемлекеттік рәміздердің пайдаланылуын ретке келтіруді ұйымдастыру және бақылау;
18) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен коммуналдық мемлекеттік мекемелерге қатысты басқару органының функцияларын жүзеге асыру;
19) жергілікті атқарушы органның атынан акционерлік қоғамды (жауапкершілігі шектеулі серіктестікті) басқаруға акционер (қатысушы) ретінде мемлекеттің қатысу құқығын жүзеге асыру;
20) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекет қатысатын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің мониторингін ұйымдастыру және жүргізу;
21) акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) алған таза табысын бөлу туралы шешім қабылдау және акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекетке тиесілі акцияларына (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлестеріне) дивидендтерді (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің таза табысының бір бөлігін) акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекетке тиесілі акцияларына аударған күнінен бастап он күн ішінде жалғыз акционердің (қатысушының) шешім қабылдауы;
22) акционерлердің (қатысушылардың) жылдық жалпы жиналыстарын өткізу кезінде акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) таза табысының бір бөлігін жергілікті атқарушы орган белгілеген мөлшерде дивидендтер (кіріс) төлеуге жіберу үшін шаралар қабылдау;
23) жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша акционерлік қоғамдардың орналастырылатын акцияларына ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақша енгізу жолымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына салымды, сондай-ақ коммуналдық мүлікті, оның ішінде акционерлік қоғамдардың акцияларын, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін енгізуді жүзеге асыру;
24) акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналысына акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) директорлар кеңесіне (байқау кеңесіне) сайлау үшін кандидатуралар ұсыну және жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша жалғыз акционері мемлекет болып табылатын акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) директорлар кеңесінің байқау кеңесінің құрамын қалыптастыру;
25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Басқармаға жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Басқармаға жүктелген міндеттер мен ол жүзеге асыратын өз функцияларын орындауға дербес жауапты болады;
2) өзінің орынбасарлары мен басқарма бөлімдері басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
3) Басқарма атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау үшін дербес жауапты болады;
5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарма қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
6) қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте Басқарма қызметкерлерін көтермелеу, тәртіптік жаза қолдану бойынша шаралар қабылдайды;
7) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарма атынан өкілдік етеді;
8) өз өкілеттігі шегінде бұйрықтар шығарады;
9) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Басқарманың мүддесін білдіреді;
10) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Басқарманың және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі:
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Рухани Жаңғыру» жобалық кеңсесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Мониторинг және талдау орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.