Лого

Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
be.sabitov@almaty.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Сабитов Бектас Ерланович
Басқарма басшысының орынбасары
Общая информация, образование

Сабитов Бектас Ерланұлы 1985 жылғы 2 сәуірде Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында дүниеге келген.

2008 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген. 2017 жылы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Карьера

Еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасында бастаған. Мемлекеттік қызметте Алматы қаласының ішкі саясат және қоғамдық даму салаларында түрлі лауазымдарда, сондай-ақ Алатау ауданы әкімінің орынбасары қызметінде жұмыс атқарған.

14.07.2009 – 26.10.2009 – Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Түрксіб ауданы бойынша аумақтық бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы.

26.10.2009 – 22.01.2010 – Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Түрксіб ауданы бойынша аумақтық бөлімінің бас маманы.

22.01.2010 – 02.10.2012 – Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Әуезов ауданы бойынша аумақтық бөлімінің бас маманы.

02.10.2012 – 03.09.2015 – Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Алатау ауданы бойынша аумақтық бөлімінің басшысы.

03.09.2015 – 23.10.2015 – Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Әуезов ауданы бойынша аумақтық бөлімінің басшысы.

23.10.2015 – 21.02.2019 – Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының Алатау ауданы бойынша аумақтық бөлімінің басшысы.

22.02.2019 – 08.01.2021 – Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Алатау ауданы бойынша аумақтық бөлімінің басшысы.

08.01.2021 – 07.01.2025 – Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары.

08.01.2025 – 06.07.2026 – Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің орынбасары.

2026 жылғы 7 шілдеден бастап қазіргі уақытқа дейін – Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары.

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы