
Алматыда Төле би көшесінің оңтүстігінде, Момышұлы көшесінің шығысында орналасқан қызмет көрсету нысандары бар заңсыз салынған аялдама кешенін бұзу жұмыстары басталды. Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметінше, нысанды бөлшектеу сот шешімін орындау мақсатында жүргізілуде.
2022 жылғы 19 шілдеде Басқарма рұқсат құжаттарының болмауына байланысты аялдама кешенін бұзу туралы талап арызды Алматы қаласының №2 Әуезов аудандық сотына жолдаған. Бұдан кейін ұзаққа созылған сот процестері өтті.
Соның нәтижесінде Алматы қалалық соты бірінші сатыдағы соттың нысанды бұзу туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды. Осыдан кейін атқару парағы Әділет департаментіне жолданды.
Нысандарды бұзу жұмыстары сот орындаушыларының қатысуымен басталды.
Қалалық жоспарлауды бақылау басқармасының мәліметінше, Сейфуллин даңғылы, 510А мекенжайындағы «Spar» супермаркетіне жапсарлас салынған нысан бұзылған.
Бұған дейін жоспардан тыс тексеру барысында Басқарма «КБЕ групп» ЖШС-не құрылысқа қажетті рұқсат құжаттарының болмауына байланысты әкімшілік шаралар қолданып, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берген.
Тексеру нәтижесінде нұсқаманың орындалмағанына байланысты тиісті материалдар сотқа жолданған.
Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот Басқарманың талап-арызын толық көлемде қанағаттандырды.
Нысанды бұзу сот шешімін орындау мақсатында оның иесі тарапынан жүзеге асырылды.
Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері Құрманғазы көшесі, 43 мекенжайындағы дәмханаға салынған қосалқы нысанның бұзылғанын мәлімдеді.
Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің нысанды заңсыз салғаны анықталып, осыған байланысты әкімшілік шара қабылданды.
Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты меншік иесін кінәлі деп танып, заңсыз салынған құрылысты бұзу туралы шешім шығарды.
Сот шешімін орындау мақсатында меншік иесі нысанды өз күшімен бұзды.
Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, сот шешімі негізінде Бегалин көшесі, 140 мекенжайындағы тұрғын үйге заңсыз салынған екі қабатты қосымша нысан бұзыла бастады.
Басқарманың хабарлауынша, меншік иесі сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен техникалық жобаны рәсімдемей-ақ, тұрғын үйді қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Соның нәтижесінде үйге қосымша құрылыс салынып, үстінен қосымша үй-жайлар тұрғызылған.
Аталған заңбұзушылыққа байланысты меншік иесіне әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, басқарма сотқа талап-арыз жолдаған.
Медеу аудандық сотының шешімімен қала құрылысын бақылау басқармасының тұрғын үйге салынған үстеме қабат пен екі қабатты қосалқы нысанды бұзу туралы талап-арызы қанағаттандырылды.
Сот шешімін орындау үшін меншік иесі нысанды өз күшімен бастады.
Алматыда Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері Розыбакиев көшесі, 249/1 мекенжайындағы қосалқы салынған нысанды сүру жұмыстарының басталғанын айтты.
Жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің нысанды рұқсатсыз салғаны анықталды.
Меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, анықталған заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді. Кейін материалдар сотқа жолданды.
Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі соттың қаулысына сәйкес, бұл қосалқы құрылысты бұзу керек.
Бүгін қалалық Әділет департаменті сот орындаушыларының қатысуымен нысанды бұзу жұмыстары басталды.
Алматыда Назарбаев даңғылы, 220/3 мекенжайында орналасқан, бірнеше кеңсе мен қоғамдық тамақтану нысандары жұмыс істеген жапсарлас құрылысты сүру жұмыстары басталды. Бұл туралы қалалық Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері хабарлады.
Бұған дейін жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында нысанға қатысты барлық қажетті құжаттардың толық еместігі анықталған. Сонымен қатар, құрылыстың бір бөлігі жалпыға ортақ пайдаланылатын жер телімінде салынғаны белгілі болды.
Осыған байланысты меншік иесіне әкімшілік шаралар қолданылып, кейін іс сотқа жолданды. Сот процесі шамамен екі жылға созылды.
Істі қарау қорытындысы бойынша, 2025 жылы 17 қарашада Алматы қалалық сотының қаулысымен нысанды мәжбүрлі түрде сүріп тастау туралы шешім қабылданды.
Сүру жұмыстары бүгін Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.
Қалалық Сәулет-құрылыс бақылау басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, жазғы терраса Гете көшесі, 274/32 учаскесінде орналасқан.
Жоспардан тыс тексеру барысында нысанның рұқсатсыз салынғаны анықталды.
Алайда тексеру аяқталмай тұрып-ақ меншік иесі заңсыз салынған құрылысты өз еркімен бұзып тастады.
Алматының Достық даңғылы, 170/1 мекенжайында орналасқан заңсыз сауда нысандары сүрілді. Бұл туралы Қала құрылысы бақылау басқармасының өкілдері хабарлады.
Жоспардан тыс тексеру барысында аталған аумақта қажетті рұқсатсыз бір қабатты үш нысанның құрылысы жүргізілгені анықталды.
Тексеру қорытындысы бойынша меншік иесіне құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтату, анықталған заңбұзушылықтарды жою және жер телімін бастапқы қалпына келтіру жөнінде нұсқама берілді.
Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, материалдар Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа жолданды. Сот шешімімен меншік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қазіргі уақытта өз бетінше салынған нысандар меншік иесінің күшімен толықтай сүрілді.
Қала құрылысы бақылау басқармасы құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтау қажеттігін еске салды.
«Алматы қаласы Қала құрылысын бақылау басқармасы» КММ ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізудің (бұдан әрі – ІСЖТТ) аяқталғанын хабарлайды және ІСЖТТ нәтижелерін жария талқылауға шығарады (талдамалық анықтаманың жобасы қоса беріледі).
Ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген талдау нәтижелеріне қатысты пікірлеріңіз, ұсыныстарыңыз, ескертулеріңіз және өзге де ұсыныстарыңыз болған жағдайда, оларды 29 маусымға дейін төменде көрсетілген байланыс арналары арқылы жолдауларыңызды сұраймыз.
Электрондық пошта: lawyer.ugk@mail.ru
Телефон (WhatsApp): +7 701 277 77 31
Алматының Қалалық жоспарлау және құрылыс бақылау басқармасы Поддубный көшесі, 119-үй мекенжайында орналасқан заңсыз нысанның бұзылғанын хабарлайды.
Бұған дейін жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында меншік иесінің рұқсатсыз өз бетінше қосымша құрылыс салып, оны жазғы дәмхана ретінде пайдаланғаны анықталған.
Кейін меншік иесіне анықталған заңбұзушылықтарды жою үшін құрылысты бұзу жөнінде нұсқама берілді.
Бүгінде меншік иесі нұсқама талаптарын орындау мақсатында нысанды ерікті түрде бұзды.