Әлеуметтік қызметтер үйінде азаматтарды қабылдау отырысы өтті.

Әлеуметтік қызметтер үйінде азаматтарды қабылдау отырысы өтті.

Апта сайын тұрғындарға құзыреттілік шеңберіндегі мәселелерді шешу бойынша кеңес береміз.
Бізге қабылдау отырыстарында жүйелі түрде жоспардан тыс тексерулер жүргізуге сұраныстар түседі.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта сәулет-құрылыс бақылау органдары құрылыс-монтаж жұмыстарын инспекциялау шеңберінде объектіге кедергісіз бару құқығынан айырылған, ал жоспардан тыс тексерулер ҚР Кәсіпкерлік Кодексімен реттеледі және ресми өтініштер негізінде жүргізіледі.
ҚР сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы Заңның және құрылыс нормаларының бұзылу фактілері бойынша Сіз бізге Абай даңғылы 90 мекенжайы бойынша жазбаша түрде немесе «egov.kz» сайты арқылы электронды түрде өтініш қалдыра аласыз.