
Көше жеке секторда орналасқан және оны тұрғындар тас жол ретінде пайдаланған. Алайда, жолдың бір бөлігі жеке меншікте екені анықталды, оның үстіне жер телімінің нысаналы мақсаты КТҮ құрылысына арналған.
Құрылысқа қажетті барлық құжаттарды алған құрылыс салушы TUAR invest өз жерін қоршап, сол арқылы көшенің жартысын жауып тастаған, күтілгендей, бұл қоғамда үлкен наразылық тудырды.
Түсіндіру жұмыстарын жүргіздік, нәтижесінде меншік иесі жер телімінің аталған бөлігін ашты, сонымен қатар құрылыс салушы қазіргі уақытта көшенің периметрі бойынша уақытша металл қоршаулар орнатумен Политехническая көшесін қалпына келтіруде, сондай-ақ асфальттауға дайындық жұмыстарын жүргізуде. Асфальтбетон жабындысын төсеу жұмыстары шамамен осы айдың соңына дейін жүргізіліп, одан кейін көше бұрынғыдай ашық болады.
Тағы бір айта кетерлігі, жекеменшік жер учаскесінің солтүстік жағынан бір бағыттағы Ғабдуллин көшесінде жер иеленуші учаскенің бір бөлігін ортақ пайдалануға бөлді, бұл көше бойында екі қозғалыс жолағын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.