Ашық диалог, азаматтардың өтініштеріне дер кезінде мән беру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – мемлекеттік қызметшілер жұмысындағы басым бағыт болып табылады

Ашық диалог, азаматтардың өтініштеріне дер кезінде мән беру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл – мемлекеттік қызметшілер жұмысындағы басым бағыт болып табылады

Алматы қала әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі  Алматы қаласы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы бірлесіп қала құрылысын бақылау, жер қатынастары және Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармаларының қызметкерлерінің қатысуымен мемлекеттік қызметшілердің жұмысының өзекті мәселелерін талқылады.

Данияр Кәримбаев - Алматы қаласы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімінің бас маманы:


  • сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы,
    • сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі бағыттары туралы,
    • әртүрлі жағдайларда мүдделер қақтығысының алдын алу және шешу тәртібі туралы айтты.

Мамай Ахетов - Әдеп жөніндегі уәкілі  ҚҚБ, ЖҚБ, ҚЖжУБ ұжымымен азаматтармен өнімді диалог құру, тұрғындардың өтініштерімен жұмыс істеу тиімділігі және мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормалары сияқты басым міндеттерді талқылады.

М.Ахетов жұмыстағы ашықтық пен шұғыл шешім қабылдау халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыратынын баса айтты. Азаматтармен жүйелі және жоспарлы түрде жұмыс жүргізу, ақпараттың толық әрі шынайы, ашық болуы, қоғамдық пікірді есепке алу мемлекеттік қызметшінің оң имиджін нығайтудың тиімді тетіктері болып табылады.