Жолдардың орташа жөндеу жұмыстарының сапасына мониторинг жалғасуда

Жолдардың орташа жөндеу жұмыстарының сапасына мониторинг жалғасуда

Қалада орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, инспекторлар атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын жүйелі түрде қадағалап отыр.

Ең алдымен учаскелердің стандарттарға сәйкестігі тексеріледі.

Осылайша, арнайы термометр асфальттың температурасын құрылыс нормаларына сәйкестігін тексереді. Еске салайық, температура режимі белгіленген стандартқа сәйкес - 120 градустан жоғары болуы керек.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 1225-2019 "Асфальтбетон, аэродром және асфальтбетон қоспалары. Техникалық шарттар" стандарттарына сәйкес асфальтбетон жабыны қабылданған тығыздау және суға қанықтыру коэффициенттеріне сәйкес болуы керек.

Күні кеше түнгі уақытта басқарма инспекторлары Сейфуллин даңғылы бойындағы Алмалы ауданындағы жолдарды орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жерге жұмыс сапарын жасады.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.