
Бұған дейін басқарма нысанда тексеру жүргізіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтаған болатын.
4 қабаттан тұратын көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы рұқсат құжаттарынсыз басталып кеткен. Тексеріс қорытындысы бойынша «Qadam ТҮКШ» ЖШС-не қатысты әкімшілік хаттамалар жасалып, кейіннен заңсыз салынған нысанды бұзу туралы МӘМС-ке талап-арыз қозғалды.
Нәтижесінде, заңсыз тұрғызылған нысанды бұзу туралы талап арыз сот шешімімен қанағаттандырылды. Шешім заңды күшіне енеді деп күтілуде.
Сонымен қатар, тексерулер мен сот ісін жүргізу процедуралары ұзақ уақытты талап етеді, бұл уақытты жосықсыз құрылыс салушылар пәтерлерді сату үшін пайдалана алатынын ескертеміз.
Осыған байланысты, жылжымайтын мүлікті сатып алмас бұрын салынып жатқан тұрғын үй кешендерінде құжаттар пакетінің бар-жоғын тексеріп алу қажет, осы мақсатта +7 (727) 229-81-36 сенім телефоны іске қосылғанын еске саламыз.