
Басқарма инспекторлары Жас-Қанат ықшамауданындағы тағы бір нысанда бірқатар заң бұзушылықтарды тіркеді.
Су құбыры және кәріз желілерінің құрылыс алаңында құрылыс қоқыстары уақытында шығарылмай, құрылыс алаңын ретсіздікке келтірген. Сонымен қатар, материалдар мен конструкцияларға сапа сәйкестігін дәлелдейтін сертификаттар ұсынылмаған.
«S-KTG» ЖШС қосалқы мердігер ұйымы ҚР ӘКБтК-нің 309, 315 баптары бойынша жауапкершілікке тартылды.
Бүгінгі күні ескертулер түзетілді.