Жолдарды орташа жөндеу объектілерінің мониторингі

Жолдарды орташа жөндеу объектілерінің мониторингі

Орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан нысандарға мониторинг жүргізу аясында, инспекторлар жүргізіліп жатқан жұмыс орындарын аралауда.

Сонымен, Айрих көшесінде бордюрдің іргетасын таптау жұмыстары дұрыс жүргізілмеген.

Мердігер ЖШС МБ Дорстрой Сайын көшесінде жол жиегін орнату кезінде қиыршық тас жастықшасының қалыңдығына қатысты сметалық құжаттама талаптарына сай емес.

Сондай-ақ, Сайын көшесінде “СУ Гордорстрой 2” ЖШС асфальттың үстіңгі қабатын төсеу кезінде жолды нашар тазартып, жол жиегіне жол эмульсиясын қолданбаған.

Барлық осы кемшіліктер жолдың тозу мерзіміне тікелей әсер етеді, сондықтан инспекторлар мердігерлермен жұмыс істеп, нәтижесінде ескертулер жедел түрде жойылды.