
Басқарма инспекторлары Алатау ауданындағы Алғабас шағын ауданындағы жолдың опырылуы және жолды сапасыз қалпына келтіргені үшін «Алматыинжстрой» ЖШС-ін жауапқа тартты.
Мердігерге ҚР ӘҚБтК-нің 312-бабының 1-бөлігі, 309 баптар бойынша хаттама толтырылды. Ал авторлық және техникалық қадағалауға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 317 бабының 1-бөлігі бойынша толтырылды. 17.06.2022ж. ҚР ӘҚБтК-нің 312 бабының 1-бөлігіне сәйкес шаралар қабылданып, аталған ескертулерді 15.07.2022 ж. дейін жою туралы Хаттама толтырылды.
Мердігер тапсырысты орындауға кірісті.