Алматы қалалық сотының 2022 жылғы 18 наурыздағы қаулысымен Басқарманың талап арызы қанағаттандырылып, сот: Шұғыла шағын ауданы, Бәйтелі батыр көшесі, 24 мекен-жайында заңсыз тұрғызылған 12 қабатты тұрғын үйді бұзу туралы үкім шығарды

Алматы қалалық сотының 2022 жылғы 18 наурыздағы қаулысымен Басқарманың талап арызы қанағаттандырылып, сот: Шұғыла шағын ауданы, Бәйтелі батыр көшесі, 24 мекен-жайында заңсыз тұрғызылған 12 қабатты тұрғын үйді бұзу туралы үкім шығарды.

Аталған нысан бойынша «AРТ-ТЕХНОСС» ЖШС-мен сот процесі өткен жылдың маусым айынан бастап жалғасты.

Еске салайық, бұған дейін Басқарма азаматтардың өтініші негізінде нысанға тексеру жүргізген болатын. Қорытындысы бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар заң бұзушылықтар анықталып, «АРТ-ТЕХНОСС» ЖШС-не қатысты әкімшілік хаттамалар жасалды.

Басқарма Алматы қаласының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «АРТ-ТЕХНОСС» ЖШС-не заңсыз салынған нысанды бұзу туралы талап арызын жіберді. 2021 жылғы 09 желтоқсандағы сот шешімімен, талап арызды қанағаттандырудан бас тартылды.  Біз Алматы қалалық сотына аппеляциялық шағым түсірдік, бүгін талап арыз қанағаттандырылды.

Айта кетейік, қазір тағы да бірқатар заңсыз құрылыс нысандары бойынша сот процестері жүргізіліп жатыр.