Бүгін Басқарма басшысының орынбасары Олжас Түлебаев бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерімен онлайн-брифинг өткізді

Бүгін Басқарма басшысының орынбасары Олжас Түлебаев бірінші жартыжылдықта атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерімен онлайн-брифинг өткізді

Өткен алты ай ішінде біршама жұмыстар атқарылды, сонымен құрылыс блогы бойынша жыл басынан бері тексеру қорытындысы нәтижесінде құрылыс сапасына әсер ететін бұзушылықтары үшін 44 мердігер жауапкершілікке тартылды. Лицензиядан кейінгі бақылау нәтижесінде 42 лицензияның қолданылуы уақытша тоқтатылды, 360 лицензияның қызметі мүлдем тоқтатылды.
Құрылыс алаңдарында бақылауды дұрыс жасамағаны үшін (4-нің сарапшы куәлігінің қолданылуын тоқтата тұрумен) 15 техникалық қадағалау ұйымы жауапкершілікке тартылды.
Жер қатынастары блогы бойынша жұмыс нәтижесі келесідей:
Жерді рұқсатсыз басып алғаны үшін 64 адамға айып тағылып, нұсқаулықтар берілді.
Сондай-ақ, жалға беру мерзімі өткен 1114 жер учаскесі анықталды, оның ішінде: 104 -і мемлекетке қайтарылды, 473-нің жалға беру мерзімі ұзартылды, 53-і бойынша шаралар қолданылды, 61 жер телімі жеке меншікке өтеу жолымен берілді, 423 жер учаскесі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Көшелер мен аула аумақтарының бойында мемлекеттік қордың жеріне рұқсатсыз орнатылған 300-ге жуық заңсыз нысан (147 гараж, 28 стационарлық емес сауда объектісі, 95 қоршау) сот ісін жүргізусіз анықталды және бұзылды.
Ауданы 3760,9 га құрайтын 2840 жер учаскесі нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмағаны анықталды, оның ішінде: аумағы 595 га құрайтын 755 жер учаскесі игерілді, 147 пайдаланылмаған ретінде тартылып алынды. Ауданы 837 га болатын 312 ауыл шаруашылығы жер учаскелері игерілді.
Бақылау функциялары аясында 333 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижелер бойынша жалпы сомасы 92 млн теңгені құрайтын 477 бұзушылық анықталды (68 млн. теңге немесе 74% өндірілді)
Жыл басынан бері заңсыз салынған 17 нысан бұзылды, оның ішінде Қарасай батыр көшесі, 156А мекен-жайы бойвнша орналасқан кафе, Сәтбаев көшесі, 119 мекен-жайындағы сауда павильоны, Гоголь көшесі, 169 мекен-жайындағы жазғы кафе.
Сондай-ақ, заңсыз объектілерді бұзу бойынша 16 талап арыз соттарға жіберілді (2-і қанағаттандырылды, 14-і қаралуда).
Игерілмеген жер учаскелерін мәжбүрлеп алу туралы соттарға 305 талап-арыз жіберілді (қаралуда).
Сонымен қатар, қала Әкімінің автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстарының сапасына бақылауды күшейту туралы тапсырмасы аясында жүйелі негізде мониторинг жүргізіліп келеді. Бірқатар компаниялар лицензияларынан айырылды, басқалары бойынша сотқа материалдар жіберілді. Жұмыстар әр бағыт бойынша жалғасуда, Сіздерді хабардар етіп отыратын боламыз.