Алматы құрылысшылары республикада бірінші болып e-qurylys платформасынан сертификат алатын болады

Алматы құрылысшылары республикада бірінші болып e-qurylys платформасынан сертификат алатын болады

Мегаполисте пилоттық режимде www.equrylys.kz порталы негізінде құрылыс саласындағы сарапшылар мен инженерлік-техникалық жұмысшылардың орталықтандырылған аттестациясы басталады.
Аттестациялау мақсаты - әр кезеңдегі құрылыс сапасын қамтамасыз ету үшін мамандар мен инженерлік-техникалық жұмысшылардың кәсіби дайындық деңгейін анықтау.
Бүгінде сертификатталған сарапшылар мен инженерлік-техникалық қызметкерлер туралы автоматтандырылған ақпарат жоқ, сонымен қатар, тестілеу процедурасының өзінде де ашықтық жоқ. Мәселенің шешімі ретінде Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті www.equrylys.kz порталы негізінде орталықтандырылған аттестиация өткізу үшін функционал әзірледі. Бұл ашықтық пен сенімділікті едәуір арттырып, аттестат алу процесін мүмкіндігінше автоматтандырады.
Жақында ғана алғашқы тестілеуді сәтті өткіздік.
Бұл порталға барлық аттестациялау орталықтары және Қала құрылысын бақылау басқармасы қосылады.
Тест тапсыру кезінде портал автоматты түрде тапсырушының жеке басын тексереді, тапсырып болғаннан кейін ол туралы деректер бірден автоматтандырылған Тізілімге еніп отырады.