
«Бадимус-Строй» компаниясы Алмалы және Бостандық аудандарында электр кабельдерін тартумен айналысқан.
«Бадимус-Строй» ЖШС кабельдік трассаның автомобиль жолдарымен қиылысуы бойынша қабылданған жобалық шешімдерді өрескел бұзған.
Кабельді асфальтбетон жабындысын ашып, жол құрылымының бүтіндігін бұза отырып, траншеяларға ашық жолмен төсеген.
Сонымен қатар, қазылған жерді толтыру үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде топырақты қабат-қабат етіп нығыздау жұмыстары жобалық тығыздауға дейін жүргізілмеген, жол төсенішінің шөгуі мен опырылуының орын алатыны осы себептен.
Былтыр біз компанияны әкімшілік жауапкершілікке тартқан едік, бірақ бір күн бұрын, біздің талабымызға сәйкес, сот шешімімен мердігер құрылыс лицензиясынан айырылды.
Еске салайық, электрмен жабдықтау желісіндегі құрылыс-монтаж жұмыстары да стандарттарға сәйкес жүргізілуі керек. Осылайша, автожолдармен қиылысу жобасына сәйкес, кабельдер асфальтты жолдың құрылымын құртпай, тесу әдісімен тартылуы керек.