
Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жобаларды басқару ұйымдарын аккредиттеу Ұлттық экономика министрінің “Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жобаларды басқару ұйымдарын аккредиттеу» туралы 2015 жылғы 26 қарашадағы No 733 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі:
- бірінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі объектілерді зерттеп-қарау үшін келесі мамандықтар бойынша кемінде үш сертификатталған сарапшы болуы керек:
көтергіш және қоршау құрылымдары бойынша (кем дегенде бір сарапшы);
инженерлік желілер бойынша (кем дегенде бір сарапшы);
технологиялық жабдықтар бойынша (кем дегенде бір маман).
- «Жобаның бас инженері» және/немесе «Бас инженер» бойынша мамандандырылған кемінде бір сертификатталған инженерлік-техникалық жұмысшының болуы;
- кем дегенде бір білікті инженер-бағалаушының болуы;
- меншік немесе өзге де заңды негізде әкімшілік-тұрмыстық үй-жайлардың болуы;
- материалдық-техникалық жабдықтың болуы, атап айтқанда, есептеулер жүргізуге, графикалық және басқа материалдарды құрастыруға және жобалауға мүмкіндік беретін орнатылған бағдарламалық жасақтамасы бар жұмыс базасы қажет.
Айта кету керек, бұл қызмет толықтай автоматтандырылған, ақпараттық жүйе egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы қызмет берушінің қатысуынсыз-ақ, 20-40 минут ішінде жүзеге асырады.