
Біз жүйелі түрде жүргізетін бақылаудан басқа, ақпараттар қала тұрғындарынан да жиі түседі.
Мысалы, жақында ауданның белсенді тұрғындарының бірінің өтініші негізінде, түсіндіру жұмыстарынан кейін Ақсай-2 ықшам ауданындағы көкөніс дүкенінің иесі нысанын өз еркімен бөлшектеді.
Мұндай жағдайларда біз әкімшілік шараларды қолданбай, ең алдымен, объекті иелерімен келісімге келуге тырысамыз.
Аталған жағдайда сот ісін жүргізбей-ақ, шешімге келу мүмкін болды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, нәтижелерін қала тұрғындарына хабарлап отыратын боламыз.