
Іс-шара оқу семинары ретінде жоспарланған.
Семинарда келесі тақырыптар бойынша дәрістер оқылады:
- қала үлгісі туралы,
- бірлескен шығармашылық алгаритміне сәйкес әзірлеуге және шешім қабылдауға азаматтарды тарту,
- сауалнама рөлі және қала құрылысы процестерінде деректерді пайдалану туралы.
Сондай-ақ, мәліметтерді өңдеу, бірлескен талқылау және қорытындылар шығару, жалпылама мәліметтерді визуалды ресімдеу бойынша топтық жұмыс жасау жоспарлануда.
Жоба семинарына белсенді азаматтар, қоғам белсенділері, студенттер, ШОБ және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.
23 қыркүйекте семинар аясында «Тұрғындар сауалнамасының алғашқы нәтижелері, жол картасы бойынша болашақта тұрғындар мен бизнесті полиорталыққа топтастыруды жоспарлау» баспасөз мәслихаты өтеді.
Спикерлер:
«Алматыбасжоспар» ҒЗИ директоры, урбанист Асхат Садуов.
Урбанист Святослав Мурунов.
Өтетін уақыты: 23-24 қыркүйек 14:00-ден 18:00-ге дейін
Мекенжайы: Абай д. 90 (Гагарин д. мен Жароков к. арасындағы) «Алматыбасжоспар» ғимарытының 1 қабатындағы конференц-залы