
Отырыс барысында кеңес мүшелері жобаларды таныстыруға қойылатын талаптарды, оларды бағалау критерийлерін және отырыстарды өткізу ережелерін талқылады.
Қатысушылар Алматыда жүзеге асырылып жатқан жобалар қаланың бас жоспарына сәйкес және қала құрылысының әлемдік трендтеріне сай болуы керектігін атап өтті.
Жобаны әзірлеушілер аумақтың жалпы тұжырымдамасымен байланысын ескеруі тиіс.
Ұсынылған жоба бірқатар техникалық критерийлерге сәйкес болуы және Кеңес сарапшыларының жан-жақты зерттеу жүргізуге уақыты жеткілікті болуы үшін белгіленген мерзімде тапсыруы қажет.
Еске сала кетсек, Қала құрылысы кеңесі Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен құрылған болатын. Тиісті қаулыға биылғы жылдың 19 тамызында қол қойылған.
Алматы қаласы Қала құрылысы кеңесі іске асыруға ұсынылатын қала құрылысы және сәулет жобаларын ашық талқылау және шешім қабылдау үшін консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Консультативтік-кеңесші органның барлық мүшелері өз саласының мамандары және кеңес жұмысына қоғамдық қолдау көрсету мақсатында ерікті түрде қатысады.
Қала құрылысы кеңесі туралы ереже
https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/documents/details/337129?lang=kk