Лого

Меню

Страницы

Статья

Онлайн зерттеуге 2,5 мың алматылық қатысты

15 шілдеден бастап «Aлматыбасжоспар» ҒЗИ-ның, (https://almatygenplan.kz/almaty2022), Q-Lab қалалық жобалар зертханасының (инст: Qlab.city), Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының (https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-uaig/press/news/details/404208?lang=ru) ресурстарында, аялдамаларда, қоғамдық көліктерде «Тұрғындар сауалнамасын» толтыруға болады.
«Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институты әзірлеген сауалнама алматылықтардың қала инфрақұрылымын одан әрі жақсартуға арналған идеялары мен ұсыныстарын жинақтауға мүмкіндік береді.

2500 сауалнаманың талдауы берген нәтиже бойынша сауалнамадан өткен әрбір екінші азамат Алматыны дамыту үшін белсенділік танытуға дайын. Ал қаладағы өзгерістер қаланы қалай салу қажеттілігін және өзгерісті неден бастау керектігін түсіне білетін адамдардан басталады. Тек сынай бермей, әрекет еткісі келетіндерден бастау алады.
Ең белсенді респонденттер – мұғалімдер, инженерлер, кәсіпкерлер және студенттер. Сауалнамаға қатысқандар жасы – 24 пен 45 жас аралығында – жастардың ұтымды шығармашылық қабілеті мен ақыл тоқтатқан азаматтардың ұшқары ойын сауалнама көрсетіп беруде.
Талдау көрсеткендей, алматылықтар қалада мәдени-әлеуметтік нысандар, саябақтар мен демалыс орындарын барынша көп болғанын қалайды. Көлік инфрақұрылымы – жолдардың жағдайы, қоғамдық көліктердің жұмысы да тұрғындардың көңілінен шыға қоймайды екен.
Сауалнаманы әзірлеушілердің бірі «Алматыбасжоспар» директоры Асхат Садуов атап өткендей: «Сауалнамаға қатысушылардан урбанист немесе сәулетші болуы керек емес, бірақ мен әр адам қала кеңістігін пайдаланудың өзіндік тәжірибесі бар деп есептеймін. Біз бұл тәжірибені Алматыдағы болашақ дамыту жобаларына, соның ішінде егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларында қолданғымыз келеді.
Сіздерді «Тұрғындар сауалнамасына» қатысуға шақырамыз. Сауалнаманы толтыру көп уақытыңызды алмайды. Бірақ, сайып келгенде, сіздің жауаптарыңыз қаламызды жайлы, қауіпсіз және тұрғындар, инвесторлар мен туристер үшін тартымды етуге көмектеседі».
«Тұрғындар сауалнамасын» толтырыңыз – қалаға сіздің идеяларыңыз қажет!

Дата публикации
02 сентября 2022
Дата обновления
02 сентября 2022
Тип

Сейчас читают

Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
24 мая 2023
Үкімет Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі жаңа бас жоспарын бекітті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы