Жобаны қарау үшін қала құрылысы кеңесінде өтініш беру тәртібі және құжаттар тізімі
Қала құрылысы кеңесі туралы Ереженің* 35-тармағына сәйкес, мәселені кеңесте қарау үшін өтініш беруші жұмыс органына береді,
Мәселені кеңесте қарау үшін өтініш беруші ОРЕN ALMATY немесе www.almatygenplan.kz сайты арқылы жұмыс органына «Алматы қаласының Қала құрылысы кеңесіне» белгісімен келесі құжаттар топтамасын ұсынады.
- Кеңес Төрағасының атына өтініш:
- Құрылыс салудың эскиздік жобасы үшін жер учаскесіне құқық белгілейтін және құқық куаландыратын құжаттарының көшірмелері:
- Жоба сатысына қойылатын нормативтік талаптарға және оны Алматы қаласының Қала құрылысы кеңесінде қараудың арнайы талаптарына сәйкес қосымша материалдар:
- Қаланың бас жоспары бойынша тапсырыс беруші бекіткен және Алматы қаласы аумағының функционалдық аймақтарын салуды іске асыру жоспарына сәйкес жер учаскелерін рұқсат етілген пайдалану жөніндегі қорытындыға сәйкес әзірленген жобалау тапсчырмасы:
- Құрылыстың техникалық-экономикалық көрсеткіштері:
- Эскиздік жоба немесе кеңеске ұсынылған жобалаудың басқа сатысының жобасы.