Лого

Меню

Страницы

Статья

Алматының Қала құрылысы кеңесі 14 қыркүйектен бастап жобаларды қарастыра бастайды

26 тамызда Алматының Қала құрылыс кеңесінің мүшелері ұйымдастыру мәселелерін талқылау мақсатында отырыс өткізді. Ашық дауыс беру арқылы Кеңес төрағасы болып белгілі сәулетші-қала құрылысшысы Любовь Нысанбаева, төрағаның орынбасары болып урбанистші Асхат Садуов, хатшы болып «Алматыбасжоспар» ҒЗИ» ЖШС директорының орынбасары Айнұр Сарбаева сайланды. Үміткерлер бір жыл мерзімге сайланды.

Жобаларды қарау мақсатында Қала құрылысы кеңесінің бірінші отырысы ағымдағы жылдың 14 қыркүйегінде сағат 9.00-де өтетін болды. Кеңес отырысы айына кемінде 2 рет «Алматыбасжоспар» ғимаратында кеңесуші орган белгілеген жұмыс кестесі бойынша (әр айдың 2 және 4-ші сәрсенбісінде) өткізіледі.

Сәулет-жоспарлау және сәулет-қоғамдық кеңістік жағынан кеңес мүшелері толық түсіну үшін материалдар мынадай түрде ұсынылуы мүмкін: алдын ала жоба зерттеулері, тұжырымдама, бас жоспар, эскиз, жоба және жұмыс жобасы.

Кеңес жобаларды бағалаудың келесі критерийлерін анықтады:

  • бас жоспарға және бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкестігі;
  • функционалдық аймақтарға бөлу, қызыл сызықтар мен жер бетінің тік белгілерін сақтау сәйкестігі;
  • жоба учаскенің орналасқан ауданындағы тұрғын үй қорының тығыздығы қаланың бас жоспарына және егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларына сәйкестігі;
  • жобаланған жобада әлеуметтік нысандардың болуы;
  • сәулеттік-кеңістіктік стилі жағынан қаланың егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары мен бас жоспарына сәйкестігі;
  • инженерлік желілердің параметрлері қаланың бас жоспарындағы және егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары бойынша жобалық шешімдер сәйкестігі.

Қаралған жобаның нәтижелерін кеңес дауыс беру арқылы  ескертулермен мақұлдайды, пысықтауға қайтарады немесе бас тартады.

Ескерерлік жайт, отырысқа кеңес мүшелерінің кемінде 2/3 бөлігі қатысса, қабылданған шешімдер заңды деп есептеледі. Дауыс беруден қалыс қалған кеңес мүшесі хаттамаға өз пікірінің мәтінін қоса беруге міндетті.

Еске саларлық жайт, Қала құрылысы кеңесінің құрамына сәулет, қала құрылысы, урбанистика, көлік, инклюзия, экология, креативті экономика, әлеуметтану, экономика салаларындағы сарапшылар енді.

Кеңес мүшелері өз салалары бойынша тәжірибелері мол екенін атап өткен жөн. Ең маңыздысы Кеңес отырыстарында қаралатын мәселелердің ерекшеліктеріне қарай сарапшылар шақырылып, қатыса алады. Осылайша, қала құрылысы мен сәулет жобаларының барлық аспектілері қатар зерттелетін болады.

Қала құрылысы кеңесі іске асыруға ұсынылатын қала құрылысы және сәулет жобалары бойынша шешімдерді ашық талқылау және қабылдау үшін Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша Қала құрылысы кеңесі құрылған болатын.

Дата публикации
26 августа 2022
Дата обновления
26 августа 2022
Тип

Сейчас читают

Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
24 мая 2023
Үкімет Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі жаңа бас жоспарын бекітті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы