
Алматы әкімі құрылысшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады
Ерболат Досаев шаһардың дамуына үлес қосқан құрылысшыларға алғыс айтты. Құрылысшылар күнінде әкім бұл сала қала экономикасының драйверінің бірі екенін атады. Бұл секторда 100 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Жыл сайын 1,5 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға беріледі. Әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандар бой көтеруде.
«Сіздердің қызметтеріңіз қаланың кешенді әрі сапалы дамуы үшін өте маңызды. Тұрғындардың өмір сүру сапасы мен жайлылық деңгейі соның нәтижесіне байланысты», – деді әкім кәсіби мерекеге арналған іс-шарада.
Қала әкімі кәсібилігі үшін алғыс айтып, саладағы үздіктерді ұзақ жылғы еңбегі мен жетістігі үшін алғыс хаттармен марапаттады.