
30 маусымда қала әкімінің халықпен сегізінші кездесуі өтті
Алматы әкімімен кездесу барысында Түрксіб ауданының тұрғындары ескі үйлерді бұзу, инженерлік желілерді тарту, автобустардың бағыттарын өзгерту, сергек камераларын орнату, балалар және спорт алаңдарын салу, жерүсті жаяу өтпелі жолдарды жасау және т. б. мәселелерді көтерді.
Қала басшысы тұрғындардың 100-ден астам өзекті сұрақтарына жауап берді. Кездесуге 300-ден астам адам қатысты.