
Құрметті кәсіпкерлер, "Ашық НҚА" порталында «Жаңа реттеу құралдарын енгізу мен реттеуді қатаңдату кезіндегі реттеушілік ықпалды талдаудың талдамалық түрі» орналастырылған.
Құжатта «Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшін төлемнің негізгі айлық төлемдерінің мөлшерін ұлғайту туралы» Алматы қаласы мәслихатының шешімі қарастырылған.
Әзірлеуші: «Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы» КММ
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжат 2022 жылдың 24-28 маусымы аралығында онлайн талқылау үшін қолжетімді болады.
Тиісті өзгерістер енгізу үшін ұсыныстар жобаны әзірлеушілерге жіберіледі.
Жобаны әзірлеуші: «Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы» КММ