
Президент әрбір алаңқайдағы жеңімпаздардың өнерін тамашалап, олардың жетістіктеріне ризашылылығын білдірді. Мемлекет басшысы жасөспірімдермен әңгімелесу барысында оларды мерекемен құттықтап, балалар ел болашағы екенін айтты.
Іс-шара соңында бір ай бойы әртүрлі жастағы жасөспірімдер, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалар да қатысқан «Алматы БалаFest» фестивалінің жеңімпаздары марапатталды.
Балаларды қорғау күніне орай ұйымдастырылған бұл мерекелік шараның қорытынды кезеңіне мың бала қатысты.
Дереккөз - Akorda.kz