
26 мамырда қала әкімінің халықпен бесінші кездесуі өтті
Жетісу ауданының тұрғындары №109 мектепте өз сұрақтарын қойды.
Алматы әкімімен кездесу барысында тұрғындар жолдарды жөндеу, дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің жұмысы, көшелерді жарықтандыру, электр желілеріне қосылу және т. б. мәселелерді көтерді.
Қала басшысы тұрғындардың 150-ден астам өзекті сұрақтарына жауап берді. Кездесуге 500-ден астам адам қатысты.