Лого

Меню

Страницы

Статья

«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» республикалық байқауы басталды

22 жылғы 18 мамырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі «Қазақстан Республикасының Үздік мемлекеттік қызметшісі» атты байқауын жариялады

Байқауға қатысуға мемлекеттік қызмет өтілі кемінде үш жыл, құжаттарды қарау кезінде мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін тәртіптік теріс қылықтар жасағаны үшін шешілмеген әкімшілік жазалары және тәртіптік жазалары жоқ мемлекеттік қызметшілер жіберіледі.

I кезең - өңірлік (облыстық) деңгейдегі, өңірлік конкурстық комиссиялар өткізетін конкурс.

Құжаттарды қабылдау 2022 жылғы 18-22 мамыр аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық департаменттеріне электронды почтамен жіберу арқылы жүзеге асырылады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

2022 жылғы 23 мамырда сағат 10.00-ге дейін барлық қатысушыларға бір мезгілде кейстік тапсырма электрондық поштаға/смс/WhatsApp жіберіледі. Байқауға​ қатысушылар 23:59 сағаттан кешіктірмейтін мерзімде өзінің көлемі 500 сөзден аспайтын жазбаша жауабын және ұзақтығы 5 минуттан аспайтын бейне жауабын жолдаулары қажет. Кезең эссе жазу форматында өтеді.

2022 жылғы 28-31 мамыр аралығында кандидаттар өңірлік комиссияға мемлекеттік қызмет саласында іске асырылатын немесе іске асырылған жобалар/идеялар бойынша таныстырылым ұсынады. Презентацияның ұзақтығы 5 минуттан аспауы керек. Презентация мәтінін (Word) форматта және слайдтарды (Pdf) кандидаттың визиткасын ресімдей отырып ұсыну қажет.

Бірінші кезеңнің жеңімпаздары конкурстың екінші кезеңіне республикалық деңгейде 2022 жылғы 5 маусымға дейін қатысуға ұсынылады.

Республикалық комиссия кандидаттармен әңгімелесуді 2022 жылғы 10 маусымға дейін өткізеді, жаңа идеялар презентация түрінде ұсынылады.

Толық ақпарат Агенттіктің ресми сайтында орналастырылған арнайы әдістемелік ұсынымдарда қамтылған gov.kz сілтеме бойынша https://www.gov.kz/.../qyzmet/documents/details/307238...

«Жылдың үздік мемлекеттік қызметшісі» Республикалық конкурсының жауапты тұлғаларының байланыстары

https://www.gov.kz/memleket/entities/qyzmet/documents/details/307544?lang=kk

Дата публикации
19 мая 2022
Дата обновления
19 мая 2022
Тип

Сейчас читают

Хабарлама
30 апреля 2024
Өңірлік кадр резервтеріне іріктеу аясында заңнаманы білуге арналған тестілеудің аяқталуы туралы
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
Біз туралы БАҚ
24 мая 2023
Үкімет Алматы қаласының 2040 жылға дейінгі жаңа бас жоспарын бекітті

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы