
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілетін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медаліне:
Жанат Айтілеу,
Гүлнара Нахметова,
Ольга Мандрица,
Майра Құрманова,
Ғалия Орақпаева,
Бақыт Сатарбаева лайық деп танылды.
Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚЖжУБ мен «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлеріне марапаттарды Алматы қаласы әкімінің орынбасары Мұхит Әзірбаев салтанатты түрде табыс етті.
Сондай-ақ Мұхит Әзірбаев ҚЖжУБ мен «Алматыбасжоспар» ғылыми-зерттеу институтының жетекші мамандарына Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарын табыс етті.
Құттықтау сөзінде қала әкімінің орынбасары мегаполистің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін атап өтіп, Алматы қаласының дамуына қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.
Кәсіби шеберлігіне жоғары баға берген әріптестер мен барлық қызметкерлерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймыз!