Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есепті қарау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 57-бабының 6-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін келесі құжаттар (бұдан әрі – СЭБ материалдары) келіп түсті:  

Қоса берілетін материалдардың тізбесі:

1) 1-том. «Негізгі ережелер» түсіндірме жазбасы;

2) 2-том. «Аумақтың сәулеттік-жоспарлау ұйымдастырылуы» түсіндірме жазбасы;

3) 3-том. «Әлеуметтік-экономикалық негіздеме» түсіндірме жазбасы;

4) 4-том. «Көше-жол желісі және көлік» түсіндірме жазбасы;

5) 5-том. «Аумақты инженерлік жабдықтау. «Сумен жабдықтау және су бұру» түсіндірме жазбасы;

6) 5-том. «Аумақты инженерлік жабдықтау. «Газбен жабдықтау» түсіндірме жазбасы;

7) 5-том. «Аумақты инженерлік жабдықтау. «Телекоммуникациялар» түсіндірме жазбасы;

8) 5-том. «Аумақты инженерлік жабдықтау. «Жылумен жабдықтау» түсіндірме жазбасы;

9) 5-том. «Аумақты инженерлік жабдықтау. «Электрмен жабдықтау» түсіндірме жазбасы;

10) 8-том. «Алматы қаласының бас жоспарын түзету» жобасының келісімдер тізбесі;

11) «Алматы қаласының бас жоспарын түзету» жобасының графикалық альбомы;

12) «Алматы қаласының бас жоспарын түзету» жобасына стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есеп, есепке қосымшасымен бірге.

13) Стратегиялық экологиялық бағалау туралы хабарландыру.

 

СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС.

СЭБ құжаттарының тапсырыс берушісі: «Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ.

СЭБ әзірлеуге жауапты: Алматы қаласының әкімдігі.

СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.  

 

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

- жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және Сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?

- жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тигізетін қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?

- СЭБ қамту саласы бойынша есепте жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тигізуі мүмкін айтарлықтай әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?

- жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тигізуі мүмкін әсерллеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстарыңыз бар ма?

 

Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2025-2040 жж.

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылғы 20 наурыздан бастап 2026 жылғы 19 сәуірге дейін.

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.

Экологиялық мәдениет және саясат департаменті

Тел. 8 (7172) 74-02-83, 74-08-90

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz,

n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz

«Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

Тел. 8(727) 265-90-01

e-mail: gp@almatygenplan.kz

 

Жазбаша түрдегі ескертулер мен ұсыныстарды электрондық түрде Министрлік кеңсесінің k.kense@ecogeo.gov.kz электрондық поштасына жолдауға болады.

Құжаттарыңыздың Кеңсеге келіп түскенін міндетті түрде +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет.

Бас жоспар және СЭБ бойынша материалдар орналастырылған жерлер:

Министрліктің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының сайтында («Құжаттар» бөлімі) https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-uaig/documents/

Дата публикации
20 марта 2026