Стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің қамту саласын айқындау туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 56-бабының 2-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне (бұдан әрі – ЭТРМ) стратегиялық экологиялық бағалау жүргізу үшін келесі құжаттар (бұдан әрі – СЭБ материалдары) келіп түсті:  

- «Алматы қаласының бас жоспарын түзету» жобасы аумағын сәулеттік-жоспарлауды ұйымдастыру» түсіндірме жазбасы;

 - «Алматы қаласының бас жоспарын түзету» жобасының тірек жоспары;

- «Алматы қаласының бас жоспарын түзету» жобасының бас жоспары;

- «Алматы қаласының бас жоспарын түзету» жобасы аумағын кешенді қала құрылыстық бағалау;

- «Алматы қаласының бас жоспарын түзету» жобасына стратегиялық экологиялық бағалау жөніндегі есептің қамту саласын айқындау.

 СЭБ материалдарын әзірлеуші: «Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС.

СЭБ құжаттарының тапсырыс берушісі: «Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы» КММ

СЭБ әзірлеуге жауапты: Алматы қаласының әкімдігі.

СЭБ материалдары бойынша қорытындылар беруге жауапты уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.  

Жұртшылықты (барлық азаматтар мен заңды тұлғаларды) келесі мәселелер бойынша өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуға шақырамыз:

  • жобаны жүзеге асыру қоршаған ортаға айтарлықтай әсер етуі мүмкін бе, егер солай болса, бұл қандай әсерлер және Сіз оларды неге маңызды деп санайсыз?
  • жоба бекітілгенге дейін қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына қандай әсерлерді зерделеу қажет және неге?
  • СЭБ қамту саласы бойынша есепте жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына тигізуі мүмкін айтарлықтай әсерлері туралы Сізді қызықтыратын барлық ақпарат қамтылған ба? Сізді қандай ақпарат қызықтырады және неге?
  • жобаны іске асырудың қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына ықтимал әсеріне байланысты өзге де ескертулер мен ұсыныстарыңыз бар ма?

Стратегиялық құжаттың қолданылу мерзімі: 2025-2040 ж.ж.

Уәкілетті орган: Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі.

Ескертулер мен ұсыныстарды қабылдау рәсімін өткізу мерзімі: 2026 жылғы 6 ақпаннан 2026 жылғы 27 ақпанға дейін (қоса алғанда).

Байланыс деректері:

Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі, Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.

Экологиялық мәдениет және саясат департаменті

Тел. 8 (7172) 74-02-83, 74-08-90

e-mail: b.zhartybaeva@ecogeo.gov.kz,

n.kunanbayeva@ecogeo.gov.kz

«Алматы бас жоспары» ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

Тел. 8(727) 265-90-01

e-mail: gp@almatygenplan.kz

Жазбаша түрдегі ескертулер мен ұсыныстарды электрондық түрде Министрлік кеңсесінің k.kense@ecogeo.gov.kz электрондық поштасына жолдауға болады.

Құжаттарыңыздың Кеңсеге келіп түскенін міндетті түрде +7 7172 74-08-44 телефоны арқылы нақтылау қажет.

СЭБ қамту саласын айқындау жөніндегі материалдар орналастырылған жерлер:

Министрліктің сайтында («Қызмет» бөлімі – «Негізгі құжаттар» бөлімі – «Стратегиялық экологиялық бағалау» бөлімі)

Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының сайтында («Құжаттар» бөлімі) https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-uaig/documents/details/964285?lang=kk

Дата публикации
05 февраля 2026