«Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырудың Қағидаларын бекіту туралы» мәслихат шешімінің жобасы

«Жарнама туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-2- бабының 3-тармағына сәйкес,  облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру қағидалары негізінде жарнама саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастыру тәртібі мен шарттары туралы қағидаларды әзірлейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттарына бекітуге ұсынады, Басқармамен «Алматы қаласының аумағында сыртқы (көрнекі) жарнаманы үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырудың Қағидаларын бекіту туралы» мәслихат шешімінің жобасы әзірленді. 

Дата публикации
11 ноября 2020