
Ауданымызда түрлі өмірлік жағдайларға тап болған тұрғындарға көмек көрсететін Отбасын қолдау орталығы жұмыс істейді.
Орталықта психологиялық және заңгерлік көмек көрсетіліп, әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес беріледі. Сонымен қатар тұрғындарға жұмысқа орналасуға, білім алуға және кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетіледі. Курстар, шеберлік сабақтары мен психологиялық тренингтер ұйымдастырылып, балаларға арт-терапия сабақтары өткізіледі.
Орталықтың негізгі бағыттарының бірі – кәсіпкерлік бастамаларды қолдау. Бүгінде ауданымыздың 10 тұрғыны өз ісін ашу және дамыту үшін грант иеленді.
Жұмыстарды Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының тапсырысы бойынша «ЭКО Сервис Алматы» ЖШС жүргізуде.
Жеке сектор тұрғындарына кеміргіштерге қарсы препараттар мен оларды қауіпсіз қолдану жөніндегі нұсқаулықтар таратылуда. Кәсіпкерлер де өз нысандарында кеміргіштердің таралуына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдауда.
Дератизация мәселелері бойынша төмендегі телефон нөміріне хабарласуға болады:
Сот.ном:+7 708 165 37 99
«Желтоқсан» саябағында 209 жарықтандыру тірегі, ал Арбатта 80 торшер шамы орнатылды. Сондай-ақ Сейфуллин көшесіндегі және «Маяк» шағын бақтарындағы жарықтандыру жүйесі жаңартылды.
Жыл басынан бері аудандағы 50-ден астам мекенжайда жұмыстар аяқталды.
Көше жарықтандыру мәселелері бойынша тұрғындар төмендегі телефон нөмірлеріне хабарласа алады:
Тел: 390-20-60
Тел: 390-20-40
Сот.ном +7 771 718-24-39
Жас – белсенді өмір салтынан, жаңа білім алудан, сүйікті іспен айналысудан және қарым-қатынас жасаудан бас тартуға себеп емес. Осы мақсатта ауданда «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» жобасы жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап оның қатысушыларының қатары 2 774 адамға жетті.
Бүгінде күн сайын 300-ге дейін келушіні қабылдай алатын орталықтың үш филиалы жұмыс істейді. Зейнеткерлерге арналған барлық сабақтар мен қызметтер тегін көрсетіледі.
Қатысушылар спортпен шұғылданып, медициналық кеңес алады, қазақ және ағылшын тілдерін үйренеді, компьютер мен мобильді құрылғыларды пайдалануды меңгереді. Сондай-ақ олар үшін экскурсиялар, шығармашылық кештер, би және вокал сабақтары, шахмат турнирлері ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда психолог, заңгер және экономист мамандардан кеңес алуға да мүмкіндік бар.
Жобаның сұранысқа ие екенін көрсеткіштерден-ақ көруге болады: жұмыс басталғалы бері 75 мыңнан астам сауықтыру қызметі көрсетіліп, 28 мыңнан астам медициналық кеңес берілген және 17 мыңнан астам оқу сабағы өткізілген.
Тайбағар көшесінде балалар және спорт алаңдары жаңартылып, олардың аумағы кеңейтілді. Мұнда резеңке жабын жаңартылып, шағын сәулет нысандары толықтырылды және тұрғындардың демалуына арналған перголалар орнатылды.
Жаңартылған демалыс аймағы бүгінде көше тұрғындарының бас қосатын сүйікті орнына айналды.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында Үлкен Алматы каналының (БАК) бойындағы Александров көшесінде, сондай-ақ Қонаев атындағы ПК аумағында сенбілік ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында қатысушылар аумақтарды тазалап қана қоймай, ауданның жасыл желегін көбейтуге үлес қосатын 125 түп ірі өлшемді жөке ағашын отырғызды.
Экологиялық акцияға жалпы 250-ге жуық адам қатысты.
Ауданымыздың тазалығына үлес қосқан баршаңызға алғыс білдіреміз!
«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасына budget.open-almaty.kz сайтында өтінім беруге болады.
Әр түрлі діни конфессия өкілдері, еріктілер мен қала тұрғындары ортақ мақсат жолында бірігіп, қаламызды таза ұстауға және табиғи байлығымызды сақтауға өз үлестерін қосты.
Бұл бастама баршамызды біріктіретін ортақ құндылықтардың бар екенін тағы бір кез еске салады.Бұл бір-бірімізге құрметпен қарау, қоршаған ортаға қамқорлық таныту және өзіміз өмір сүріп жатқан мекеннің тазалығы мен көркеюіне жауапкершілікпен қарау.
«Таза Қазақстан» – Алматының таза әрі жайлы болашағына әрқайсымыздың қосқан үлесіміз!
Бүгінгі таңда № 18 және № 18А мекенжайларындағы екі ауланы күрделі жөндеу жұмыстары толық аяқталды, ал қалған екі нысанда жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жоспарланған жұмыстардың жалпы көлемінің 90%-ы орындалды.
Жөндеу жұмыстары аясында № 18 және № 18А аулаларындағы асфальт жабыны толықтай ауыстырылып, жаңа шағын сәулет нысандары, жаттығу құрылғылары, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды. Балалар ойын алаңына тартан жабыны төселіп, сыртқы жарықтандыру жүйесі жаңартылды. Сондай-ақ жаңбыр және еріген қар суларын бұруға арналған су ағызу жүйесі орнатылды.
Нәтижесінде аулалар кешенді түрде жаңартылып, тұрғындар үшін қолайлы әрі көрікті демалыс кеңістігіне айналды.
Аудан әкімі Д.Әкежанов еңбек майданының қатысушысы Нұрпейісова Жамылдық апаға және 10 баланың анасы Күлпан апаға барып, жүрекжарды тілегін жеткізді.
Ардақты әжелерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз!