
Жуырда Сүйінбай даңғ. мен Сейфуллин даңғ. Рысқұлов даңғылымен қиылысында барлығы 15 мың бірлік бұта егу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, Майлин көшесінің бойына тағы 6 мың түп бұта отырғызу жоспарлануда.
Сондай-ақ, өткен күні Маяк шағын ауданындағы Желтоқсан саябағына 1000-нан астам ағаш, Аспан саябағына 1500 жас ағаш отырғызылғанын да еске сала кетейік.
Ағымдағы жылдың соңына дейін өтемақы ретінде 1000 түп ағаш отырғызу, сондай-ақ Кіші Алматы өзенінің бойында және Жас Қанат шағын ауданында 15 мыңнан астам өнбеген ағашты қалпына келтіру жоспарлануда.