Лого

Меню

Страницы

Статья

«Еститін мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру туралы ақпарат

Түрксіб ауданы әкімі аппаратының Азаматтарды қабылдау орталығының қоғамдық қабылдау бөлмесінің байланыс телефоны:

Тел: 8 (727) 223-11-28

Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2020 жылғы маусымнан бастап Түрксіб ауданы әкімі аппаратының "Open Turksib" фронт-офис – қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. 2024 жылы фронт-офис азаматтарды қабылдау орталығының қоғамдық қабылдауы болып өзгертілді, оның жұмысын Құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі үйлестіреді.

2025 жылы Азаматтарды қабылдау орталығының қоғамдық қабылдау бөлмесіне 1803 адам жүгінді. Оның ішінде 888 адам (49%) коммуналдық мәселелер бойынша, 572 адам (32%) көріктендіру мәселелері бойынша, 145 адам (8%) әлеуметтік мәселелер бойынша, 135 адам (8%) кәсіпкерлік қызмет мәселелері бойынша, 63 адам (3%) құқықтық мәселелер бойынша өтініш білдірді.

Коммуналдық шаруашылық пен көріктендіру мәселелеріне жетекшілік ететін әкімнің орынбасары 28 қабылдау өткізіп, 178 мәселе бойынша 169 адамды қабылдады. Идеология, әлеуметтік сала және мәдениет мәселелеріне жетекшілік ететін әкімнің орынбасары 16 қабылдау өткізіп, 54 мәселе бойынша 43 адамды қабылдады.

Азаматтарды қабылдау орталығының қоғамдық қабылдау бөлмесінде күн сайын аппарат қызметкерлері кезекшілік атқарып, азаматтарды қызықтыратын мәселелерді ықтимал шешу тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізеді, сондай-ақ қойылған мәселелер олардың құзыретіне кіретін әкім аппараты бөлімдерінің қызметкерлерін шақыру арқылы қарастырылады. Қажет болған жағдайда мәселелер мекенжай бойынша барып шешіледі.

 

 

Дата публикации
05 февраля 2025
Дата обновления
05 января 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
03 июля 2026
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Ақпарат
03 июля 2026
"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңы
Ақпарат
03 июля 2026
Күнтізбелік жоспар

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы