2026 жылдың Түрксіб ауданының әкімі Д.Н. Әкежановтың тұрғындармен тұрақты кездесулері туралы ақпарат

Бекітілген желілік кестеге сәйкес, аудан әкімі 2026 жылдың I тоқсанында 1 кездесу өткізді:

2026 жылғы 20 ақпанда аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі Алматинский колледж телекоммуникаций и машиностроения ғимаратында өтті, оған 175 адам қатысты, 18 адам сұрақ қойып сөз сөйледі. Тұрғындардан барлығы 50 сұрақ түсті, оның ішінде 20 (40%) сұрақ шешілді, 11 (22%) сұрақ бойынша түсіндірме берілді, 19 (38%) сұрақ орындалу үстінде.

Тұрғындармен кездесуде ең көп көтерілген мәселелер коммуналдық сипаттағы және абаттандыруға қатысты болды, олардың үлесі қойылған сұрақтардың 34%-ын құрайды. 28%-ын қоғамдық көлік, сауда нысандары, қаңғыбас жануарларды аулау және жол белгілерін орнату мәселелері құрайды. Жалпы сұрақтардың 24%-ы жолдар мен тротуарларды жөндеу мәселелеріне қатысты, ал 14%-ы әлеуметтік сипаттағы мәселелер.

Аталған кездесу бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді, тапсырмалардың орындалуы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының тұрақты бақылауында.

Кездесулерге қала басқармаларының, қоғамдық ұйымдардың, ауданның коммуналдық қызметтерінің және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

 

Дата публикации
15 апреля 2026