2025 жылдың Түрксіб ауданының әкімі Б.К. Ақжаровтың тұрғындармен тұрақты кездесулері туралы ақпарат

2025 жылы аудан әкімі тұрғындармен 4 көшпелі кездесу өткізді:

2025 жылғы 12 ақпанда №76 мектепте кездесу өтті. 120 адам қатысты, 8 адам 10 сұрақ қойды. Оның ішінде: абаттандыру бойынша – 5, коммуналдық мәселелер – 3, білім беру – 2. Кездесу барысында 5 сұраққа түсініктеме берілді (2 – білім беру, 2 – абаттандыру, 1 – тұрғын үйді жаңарту), 5 сұрақ шешілді.

2025 жылғы 4 сәуірде «Әлмерек» ықшам ауданының тұрғындарымен №195 мектепте кездесу өтті. 180 адам қатысты, 7 адам 12 сұрақ қойды. Оның ішінде: абаттандыру – 8, көлік – 2, коммуналдық мәселе – 1, білім беру – 1. Кездесу барысында 4 сұраққа түсініктеме берілді (1 – білім беру, 2 – көлік, 1 – жаяу жүргіншілер тротуары), 8 сұрақ шешілді, оның ішінде 2 сұрақ бойынша жергілікті жерге шығу арқылы (көлік жолын жабу және газ құбыры бойынша).

2025 жылғы 25 қыркүйекте №32 орта мектепте кездесу өткізілді, оған 180 адам қатысты. 72 мәселе бойынша 36 адам сөз сөйледі, оның ішінде: абаттандыру – 15, инженерлік сипаттағы – 24, коммуналдық сипаттағы – 16, әлеуметтік сипаттағы – 8, көлік – 4, ит аулау – 2, құқық қорғау сипатындағы – 1, басқа мәселелер – 2. Кездесу барысында 7 мәселе бойынша түсіндіру жүргізілді (абаттандыру – 3, коммуналдық сипаттағы – 4), 44 мәселе шешілді, оның ішінде 24-і оқиға орнына шығу арқылы, 7 мәселе бойынша түсіндірме берілді, 14 мәселе орындау барысында қалды.

2025 жылғы 25 қарашада «Нұршашқан» ықшам ауданының тұрғындарымен №203 орта мектепте кездесу өтті, оған 150 адам қатысты. 13 мәселе бойынша 10 адам сөз сөйледі, оның ішінде: абаттандыру – 3, инженерлік сипаттағы – 2, коммуналдық сипаттағы – 5, әлеуметтік сипаттағы – 2, жануарларды аулау – 1. Кездесу барысында 5 мәселе бойынша түсіндіру берілді (абаттандыру – 2, инженерлік – 1, әлеуметтік сипаттағы – 2), 8 мәселе орындалу үстінде, оның ішінде 3-еуі оқиға орнына шығу арқылы орындалуда.

2025 жыл ішінде өткізілген тұрақты кездесулерге барлығы 630 тұрғын қатысты, оның ішінде 61 адам сөз сөйледі. Тұрғындардан 107 мәселе көтерілді, олардың 57-сі (53%) шешілді, 28-іне (26%) түсіндірме берілді, 22 мәселе (21%) орындау барысында.

Кездесулер барысында ең көп көтерілген мәселелер – ауданның абаттандыруына қатысты болды, олардың үлесі 30%-ды құрады. Қалған 70% – көлік, білім беру, инженерлік, коммуналдық және тұрғын үй мәселелері.

Әрбір кездесу бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, тапсырмалардың орындалуы аудан әкімі аппаратының тұрақты бақылауында.

Кездесулердің жұмысына қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, қалалық басқармалар өкілдері, қоғамдық ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Кездесу басталар алдында және аяқталғаннан кейін аудан әкімі аппаратының қызметкерлері мен қалалық басқармалар өкілдері азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Кездесулер өзара түсіністік пен ашық диалог форматында, достық жағдайда өтті. Тұрғындар тарапынан ауданның абаттандырылуы бойынша атқарылған жұмыстар үшін алғыс білдірілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 декабря 2025