Түрксіб ауданының әкімі Б.К. Ақжаровтың 2025 жылдағы тұрғындармен тұрақты кездесулері туралы Ақпарат

2025 жылы аудан әкімі тұрғындармен 2 көшпелі кездесу өткізді:

2025 жылдың 12 ақпанында №76 мектепте кездесу өтті. 120 адам қатысты, 8 адам 10 сұрақ қойды. Оның ішінде: абаттандыру бойынша – 5, коммуналдық мәселелер – 3, білім беру – 2. Кездесу барысында 5 сұраққа түсініктеме берілді (2 – білім беру, 2 – абаттандыру, 1 – тұрғын үйді жаңарту), 5 сұрақ шешілді.

2025 жылдың 4 сәуірінде «Әлмерек» ықшам ауданының тұрғындарымен №195 мектепте кездесу өтті. 180 адам қатысты, 7 адам 12 сұрақ қойды. Оның ішінде: абаттандыру – 8, көлік – 2, коммуналдық мәселе – 1, білім беру – 1. Кездесу барысында 4 сұраққа түсініктеме берілді (1 – білім беру, 2 – көлік, 1 – жаяу жүргіншілер тротуары), 8 сұрақ шешілді, оның ішінде 2 сұрақ бойынша жергілікті жерге шығу арқылы (көлік жолын жабу және газ құбыры бойынша).

Жалпы 2025 жылы тұрақты кездесулерге 300 тұрғын қатысты, 15 адам сөз сөйледі. Тұрғындардан 22 сұрақ түсіп, оның ішінде 13 сұрақ (59%) шешілді, 9 сұрақ (41%) бойынша түсініктеме берілді.

Кездесулерде ең көп көтерілген мәселе – ауданның абаттандыру жұмыстары, олардың үлесі барлық сұрақтардың 60%-ын құрады. Қалған 40%-ы көлік, білім беру, коммуналдық және тұрғын үй мәселелеріне қатысты болды.

Әрбір кездесуге іс-шаралар жоспары дайындалып, тапсырмалардың орындалуы аудан әкімі аппаратының тұрақты бақылауында.

Кездесулер жұмысына қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, қала басқармаларының өкілдері, қоғамдық ұйымдар, БАҚ, құқық қорғау органдары қатысты. Кездесу басталар алдында және аяқталғаннан кейін аудан әкімі аппараты қызметкерлері мен қала басқармаларының өкілдері тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Барлық кездесулер достық ахуалда, диалог түрінде өтті. Тұрғындар ауданның абаттандырылуы бойынша атқарылған жұмыстар үшін ризашылықтарын білдірді.

 

Дата публикации
12 сентября 2025