Түрксіб ауданының әкімі Б.К. Ақжаровтың 2024 жылдағы тұрғындармен тұрақты кездесулері туралы Ақпарат

 Аудан әкімі бекіткен желілік кестеге сәйкес 2024 жылы тоқсан сайын 4 тұрақты кездесу өткізілді:

2024 жылдың 12 қаңтарында №76 жалпы білім беретін мектептің мәжіліс залында кездесу өтті. 180 адам қатысты, 25 адам сөз сөйледі. 34 сұрақ бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді, оның ішінде 20 мәселе шешіліп, 14 сұраққа түсініктеме берілді.

2024 жылдың 7 сәуірінде Әуежай мәдениет үйінде кездесу өтті. 170 адам қатысты, 6 адам 7 сұрақ қойды, барлық сұрақтар шешілді.

2024 жылдың 10 қазанында №32 жалпы білім беретін мектепте кездесу өтті. 120 адам қатысты, 7 адам 8 сұрақ көтерді. Оның ішінде 2 сұраққа түсініктеме беріліп, 6 сұрақ шешілді.

2024 жылдың 9 қарашасында Нұршашқан ықшам ауданының тұрғындарымен №203 мектепте кездесу өтті. 120 адам қатысты, 8 адам 15 сұрақ қойды. Оның ішінде 9 сұрақ шешіліп, 6 сұраққа түсініктеме берілді.

Жалпы тұрақты кездесулерге 590 тұрғын қатысты, олардың ішінде 46 адам сөз сөйледі. Тұрғындар тарапынан барлығы 64 сұрақ қойылып, оның ішінде 42 сұрақ (66%) шешімін тапты, 22 сұрақ (34%) бойынша түсініктеме берілді.

Кездесулерде ең көп көтерілген мәселелер – коммуналдық және абаттандыру жұмыстарына қатысты, олардың үлесі қойылған сұрақтардың 70%-ын құрады. Қалған 30%-ы – жолдар мен тротуарларды жөндеу, қоғамдық көлік, сауда нысандары, қаңғыбас жануарларды аулау, мектептер мен әлеуметтік нысандарға жақын аумақтарда қозғалыс жылдамдығын шектейтін бағдаршамдар мен жол белгілерін орнату, сондай-ақ әлеуметтік сипаттағы (көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға материалдық көмек көрсету) мәселелер.

Әрбір кездесуге іс-шаралар жоспары дайындалып, тапсырмалардың орындалуы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының тұрақты бақылауында.

Кездесулерге қалалық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, қала басқармаларының өкілдері, қоғамдық ұйымдар, БАҚ, құқық қорғау органдары қатысты. Кездесу басталар алдында және аяқталғаннан кейін аудан әкімі, оның орынбасарлары және қала басқармаларының өкілдері тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

 

 

Дата публикации
12 сентября 2025