Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппаратының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 сәуірдегі №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін нысанның атауы: «Алматы қаласы Түрксіб ауданы әкімі аппараты» КММ.
Ішкі талдауды жүргізудің негізі : 2025 жылғы 6 мамырдағы № 107 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» Түрксіб ауданы әкімінің өкімі.
Ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2025 жылдың______бастап______дейін.
Әкім аппараты қызметінің талданған кезеңі: 2025 жылдың алғашқы 6 айының қорытындысы бойынша.